Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.
Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.
Шымкент қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығының 2021 жылдың 31 тамыздағы N671 санды хаты негізінде, Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, » Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы » заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастаруымен «Ұлы дала өркениеттері» атты байқау ережесіне сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздары мен білім алушылары қатысу үшін өтінім білдіріп, байқаудың шарттарына сәйкес, 28.09.2021 жылы білім ордасында «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті- сол ұлттың жан- дүниесі» тақырыбында «Өнерлі ұстаз» байқауының, «Екі Жұлдыз» атты ән байқауының бас жүлдегері, «Білім беру ісінің үздігі», ұлағатты ұстаз Ишанкулова Гавхор Әбдіқадырқызымен сыр-сұхбат кеші өтті.
Кездесу барысында Гавхор Әбдіқадырқызы жастарға адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып, ұлттық салт -дәстүріміздің қадір – қасиетін, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету жайында әңгімелеп берді. Ұлттық мәдениетіміздің, дәстүріміздің қадір-қасиетін насихаттап, аталы сөзден ғибрат алу жайында тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.
МӘДЕНИЕТ-ҰЛТТЫҢ ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ КОДЫ
Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.
Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет.
Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын Елбасымыз үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетті: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Осы тұста біз мектебімізде ұлттық кодты, ұлттық болмысты, ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар жасауды бастап кеттік. Бұның дәлелі бүгін өткізілген дөңгелек үстел. «Мәдениет-ұлттық қайта өркендеу коды» тақырыбында өткізілген жиынға 9 сынып оқушылары және ақпараттық топ өкілдері қатысты. Аталмыш жиында оқушыларымыз түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Бұл шараның оқушыларға берері мол.
Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Ұлттық сана уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін оқушыларды қалыптастырады.
Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған