Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.
Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.
«Бейнеу лицей» КММ-де қыркүйек айының 26 күні «Ұлы дала өркениеттері» байқау аясында «Жәдігерлер сыр шертеді» тақырыбында Сарға ауылындағы шебер ана Мария Бержанова Лицей оқушыларына және техналогия пәні мұғалімдеріне шеберлік сағатын өткізді. Мақсаты оқушылар халқымыздың қолөнері текемет басуды үйрете отырып халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету, әсемдікті тани білуге баулу. Қазақ халқының ерте замандардан келе жатқан қолөнер кәсіпшілігінің бір саласы – киіз басу өнері. Ата-бабамыз төр алдындағы текеметті де, ат тұрманындағы туырлықты да, бас киімінен бастап, аяғындағы шәркейіне дейін, киіз үйдің жабдығын, қызының жасауын, ұлының сауыт ішінен киер кебенегін киізден басып, тіккен. Киіздің құндылығының жоғары болғаны соншалық, хан көтергенде де, халық ардақтысын ақ киізге отырғызған. Ал қазір заман ағымына қарай тұрмыс тіршіліктің өзгеруіне байланысты киіз басу өнері кенже қалып барады.
Текеметтің киіздің бетіне көркемдеп түрлі ою-өрнек салып басылған үй бұйымының қалай жасалатынын оқушылар алдын ала шиге төселген қойдың күзем жүніне ыстық су құйылғаннан бастап шиге тартты, шиден шыққан соң қатаралса отырып текеметті әрі-бері домалатып білектеді, одан әрі ұзындау әдісін қолданып текеметті ширата түсті. Соңында текеметті дөңгелете тігіп қарпу әдісімен текемет басуды аяқтады. Осының бәрі қызық әрі таңсық болған оқушылар шебер әжеден сұрақтарына жауап алды.
2021 жылдың 22 қыркүйек күні тарих пәні бірлестігінің және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен Сарыкемер мектеп-гимназиясында іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар, «Жетістіктің тарихы» атты тағылымды кездесу, танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Байзақ ауданының құрметті азаматы, ақын-сазгер, жыр әлемінің жампозы Қасқырбай Нарбатыр, қазақстандық спортшы, олимпиада чемпионы, жүзу бойынша халықаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері — Зульфия Габидуллина, аудандық, республикалық айтыстардың жүлдегері, айтыскер ақын Әсет Дүйсебаев және ұстаздарымыз бен оқушыларымыз қатысты. Кездесу барысында келген қонақтар тәуелсіздік жылдарында жеткен толағай табыстары мен алға қойған мақсаттары туралы, ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы ой бөлісті. 10-сынып оқушысы Иманалы Аяжан қонақтарға арнау өлеңін оқып берді.Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына жауаптар алды.
Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, «Тілектер» кітапшасында қолтаңбаларын қалдырды.
Гимназияда орта білім беру ұйымдары арасындағы республикалық «Ұлы дала өркениеттері» байқауына қатысуда. Аталған байқаудың «Жетістіктің тарихы « атты тақырыпта 8-сыныптарға дәріс өткізілді. Білім алушылар үшін дәрісті оқыған – Жамбыл облысының әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы @serikbol_berikkozha. Кездесуге 50 оқушы қатысты. Кездесу барысында өзінің Жетістікке жету үшін, ең алдымен өз ісіне адамгершілік пен рухани құндылықтарды бірінші орынға қоюды айтты. Балалардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі ақыл-кеңестерін берді.
Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған