Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени мұраны сақтау мен жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейту мақсатында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Осы күні білекті жігіттер көкпар, бәйге, садақ ату, арқан тарту, асық ату және қошқар көтеру сайыстарында өзара кім мықтыны анықтауға күш салады.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде де Ұлттық спорт күні аталып өтті. Нақтылай түссек, жазасын өтеуші азаматтар асық ату мен арқан тарту жарыстарында сынға түсті. Нәтижесінде, сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мекеме әкімшілігі тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.