Сәуірдің қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 512,48 теңгеге дейін, 1,6%-ға әлсіреген. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 243 млн АҚШ долларынан 246 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,4 млрд АҚШ доллары болды.
Сәуірде Ұлттық қордан 968 млн АҚШ долларына валюта сатылған.
«Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтағы ахуалға және геосаяси жағдай өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздікке жол бермейтін және алтын-валюта резерві сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы бағам белгілеу режимін ұстана береді», — деп жазылған хабарламада.