Ұлттардың көркемөнерін кеңінен насихаттау мақсатында дөңгелек үстел отырысы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырысы бойынша «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Тұрғындар арасында өзге ұлттардың көркемөнерін насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Қордай ауданы «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде ұлттардың көркемөнерін кеңінен насихаттау мақсатында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары, «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенділері, «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқытушылары және колледж студенттері қатысты. Іс-шара барысында кездесуге қатысушыларға әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеті, өнері болатындығын атап өтіліп, ұлттар арасында татулықты нығайту ұсынылды.
Іс-шара барысында кездесу қатысушыларына бірлестік тарапынан арнайы дайындалған бүктеме қағаздары үйлестіріліп берілді. Сонымен қатар іс-шара қатысушыларына кері байланыс, салаунама парақтары таратылып, қатысушылардың кездесуге деген пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.