• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Әлихан Смайылов Павлодар облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті

19.08.2022
0
Әлихан Смайылов Павлодар облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті
273
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Өңірде Үкімет басшысы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының даму қарқынымен, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту барысымен танысады, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Әлихан Смайылов ең алдымен мемлекеттен қолдау алып, 1 700 га жерде заманауи суару технологияларын қолдана отырып, картоп өсірумен айналысатын «AgroTrade PV» ЖШС шаруа қожалығына барды. Сонымен қатар кәсіпорында қуаттылығы 10 мың тонна көкөніс қоймасы салынды, сондай-ақ қазіргі уақытта жылына 10 млн тонна сүт өндіретін тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 11 млрд теңге болды, оның 7,6 млрд теңгесі «Аграрлық несие корпорациясы» желісі бойынша жеңілдікпен несиелендіру және 2,7 млрд теңгесі субсидиялау есебінен салынды.

Шаруашылықтың жұмысымен танысқан Үкімет басшысы мұндай жобаларды басқа өңірлерде де іске асыру қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінің шиеленісуі және тамақ өнімдері бағасының өсуі аясында бүкіл әлемде заманауи су үнемдеу технологиялары қолданылатын ауыл шаруашылығы жобаларын дамытуға баса назар аудару керек. Мұндай жобаларды басқа өңірлерде де қолға алу қажет деп санаймын. Мемлекеттік қолдау арқасында бұл үлкен әлеуметтік және экономикалық нәтиже бермек, — деді Премьер-Министр.

Осы жерде Әлихан Смайылов өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді, онда тұқым өсіру шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды сатып алу, мал шаруашылығын дамыту және құс шаруашылығын қолдау мәселелері көтерілді.

Үкімет басшысы көтерілген әрбір мәселе бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, облыс басшылығына оларды бақылауда ұстауды тапсырды.

Одан кейін Премьер-Министр жылына 250 мың тонна алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауытының қызметімен танысты. Бұл зауыт өнімді ішкі нарыққа бағыттайды, сондай-ақ Түркия, Нидерланды, Бразилия, АҚШ, Италия, Болгария, Польша, Норвегия және басқа да бірқатар елге экспорттайды.

Әлихан Смайылов зауыттың облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосып, өзінің әлеуметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Сонымен қатар Премьер-Министр өндіріс қарқынын және экспортқа бағдарлануды сақтап, жаңа өткізу нарықтарына шығу қажеттігін айтты.

Кәсіпорында Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен, оның ішінде «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ басшыларымен кездесті.

Кездесуде заманауи өндіріс технологияларына көшу, қоршаған ортаны қорғау, атмосфераға шығарындыларды азайту және атмосфералық ауаның сапасына автоматты түрде мониторинг жасау жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр ірі кәсіпорындармен бірлесіп, Павлодар қаласының айналасында «Жасыл белдеу» құру мәселесін пысықтау қажет екенін, бұның қаланың экологиясын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Шығарындыларды азайту және өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу – облыс тұрғындары үшін бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі, сондықтан бізге осы бағытта елеулі нәтижелер қажет. Ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы экологиялық таза және қол жетімді технологияларға көшуі керек. Тау-кен металлургия және энергетикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс қалдықтарын азайту, қайта өңдеу және қайта пайдалану жөніндегі стратегияны әзірлеуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Облыс әкімдігіне Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және кәсіпорындармен бірлесіп, шығарындыларды азайту мен өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи технологияларын қолдану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Бұдан кейін Үкімет басшысы әр жылдары «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған архитектуралық шыныпакеттер мен шыныдан жасалған интерьер заттарын шығаратын «Стекломир» ЖШС кәсіпорнына барды. Компания өнімдері ішкі нарықта және көрші мемлекеттерде сатылады.

Әлихан Смайылов құрылыс саласын дамыту аясында құрылыс материалдарына қажеттілік артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет осы өндірістік бағытты барынша қолдауға әзір.

«Біз отандық құрылыс материалдарын өндірушілердің белсенділігін қолдаймыз. Мұндай кәсіпорындар бізге құрылыс шығындарын едәуір азайтуға және әлемдік бағалардың ауытқуына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

13.05.2025
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты