2018 жылдың 20 маусымында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Т.Рысқұлов аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына бөлім басшылары, Т.Рысқұлов ауданындағы кәсіпкерлер және палатасы филиалы, аудандағы салалық кәсіподақтары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде аудандағы еңбек нарығының жай-күйі, жұмыссыздарды еңбекпен қамту, мақсатты топқа жатқызылған азаматтардың мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілуі туралы, кәсіпорындар мен ұйымдардағы төленбеген жалақы қарыздарының жағдайы туралы, аудан бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуы, оның ішінде жұмыстан босаған қызметкерлермен атқарылып жатқан жұмыстар, оқыту, қайта даярлау, еңбек дауларын алдын-алу, аудандық келісім міндеттерін орындау туралы мәселелер қаралды.
Отырыс соңында Комиссия торағасы кәсіпорындар мен ұйымдарға еңбекақыны уақытылы төлеу және төленбеген жалақы қарыздарының жағдайын үнемі бақылауда ұстап, оның қадағалауын әр саладағы кәсіподаққа және жұмыс берушілерге жүктеді. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі, қызметкерлердің салалық кәсіподақ комитеттерінің бірлестігі және Т.Рысқұлов ауданы Кәсіпкерлер Палатасы арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған үш жақты Келісім жасауға тапсырма берді.