• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

06.09.2019
0
ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
483
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында қазақ тілінің мәртебесін өсіру қажеттігін атап өтті. «Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек», — деді президент.

Облыста мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, рухани жаңғырудың басты өзегі болған латыннегізді қазақ әліпбиін кеңінен танымал ету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда, облысымызда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшуді ақпараттық сүйемелдеу өңірлік медиа-жоспарға енгізілді. Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында 2 мыңнан аса материал жарияланып, баспа басылымдарда – 700-ге жуық, интернет-ресурстарда 1,5 мыңға жуық мақала жарық көрді. Ал жергілікті телеарналарда «Жаңалықтар» бағдарламасы арқылы 400-ден аса сюжет көрсетілді. 

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – заман талабы» тақырыбында әзірленген бейнеролик облыстық «JAMBYL» телеарнасынан 2019 жылдың мамыр айынан бастап аптасына 1 рет көрсетілуде. 

«Латыннегізді қазақ тілі әліпбиіне көшу жұмыстары» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізіліп, облыстық мерзімді баспасөз басылымдарының әрбір санында және «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында латын қарпіне негізделген жаңа әліпбимен тақырыптық материалдар жарияланып отырады.

Латын графикасына негізделген қазақ жазуын түсіндіру, азаматтардың  жаңа әліпбиді үйренулеріне мүмкіндіктер жасау мақсатында басқарма тарапынан «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған іс шаралар өткізу, бейнероликтер әзірлеу» атты  әлеуметтік жобасы аясында лингвист-ғалымдар, тіл мамандарынан құрылған ақпараттық топ аудандар мен Тараз қаласында 22 кездесу өткізді.

Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы «Латыннегізді қазақ әліпбиіндегі емле ерекшеліктері» тақырыбында Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін түсіндіріп, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Республикада алғашқылардың бірі болып басқарманың тапсырысымен Елбасының №637 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жаңа заман талабына сай интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқып, жазуға үйрету мақсатында  Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарламаны таныстыру мақсатында барлық аудандарда және Тараз қаласында семинар-тренингтер өткізілді.

Интернеттің кез келген браузерлері мен смарт телефондар арқылы кіруге болатын Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы – қазақ тілді аудиторияға, яғни латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін үйренуге ниет білдірген кез келген азаматтар үшін қолжетімді, тегін, уақыты шектеусіз, 18 сабақтан (теориялық, практикалық, бағалау бөлімдері) тұрады. 

2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру және Qazalipbi.kz  онлайн бағдарламасын таныстыру мақсатында аудандар мен Тараз қаласы тұрғындарына арналған көшпелі семинар-тренингтер ұйымдастырылса, Тараз қаласында орналасқан 42 мекемеде үйрету курстары жүргізілді.

Латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер (оқытушылар) дайындау мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында 2 күндік оқыту курсы өткізіліп, оған 64 адам қатысып, сертификат алды. Сертификатталған тренерлер аудандар мен Тараз қаласында семинар-тренингтер өткізіп, оған барлығы 13 мыңға жуық адам қамтылды.

Тіл саясаты комитетінің «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» бойынша республикалық 72 сағаттық тренерлерді дайындау курсынан Тілдерді оқыту орталығының 13 қызметкері өтті. Олар өз кезегінде 36 сағаттық оқу курсын өткізіп, 100-ден аса адам оқытты.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері, студенттер мен оқушылар арасында латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясы ұйымдастырылды.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының жариялануына 2 жыл толуына орай «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Күлзинат Қарымбаева және аталған ЖОО-ның аға оқытушысы Балмира Мырзабаева 2018 жылғы 6 желтоқсанда қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру жұмыстарына тоқталып, аталған ережелерге қатысты туындап жатқан сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, латын әліпбиіне негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиінің емле ережелерін кеңінен түсіндіру мақсатында облыста тұрақты түрде «Латын сағаты» ашық есік күндері өтуде. 

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында «Латын графикасы- мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауы өткізілді. Байқау барысында мемлекеттік қызметшілердің латыннегізді қазақ әліпбиінде жазу, оқу сауаттылықтары бағаланды.

Облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті бірлесе отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешов, жазушы, Мемлекеттік сыйлық иегері Б.Нұржекеұлы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қ.Сегізбайұлы, «Тіл-Қазына» орталығы бас директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері О.Асанғазы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Смағұлов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б.Әбдуәліұлының қатысуымен республикада алғаш рет Жамбыл облысында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруге байланысты ақпараттық–насихаттау апталығы өтті. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов: «Жамбыл облысы республикалық ақпараттық-насихаттау апталығын өткізу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ. Облыс латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін түсіндіру, азаматтардың жаңа әліпбиді меңгерулеріне жағдай жасау бойынша жұмыстарды жүргізуде өте белсенді», – деп атап өтті. 

Апталық аясында Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ аудандарының тұрғындарына «Қазақ тілін латын графикасына көшіру маңыздылығы», «Қазақ тілінің дамуы- ұлттың дамуы» тақырыбында қоғамдық дәрістер өткізіліп, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығындағы тәрбиеленушілерге латын графикасындағы титрлармен мультфильм көрсетілді. 

Сондай-ақ, апталық қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Ең үздік интернет бағдарламасы» номинациясын иеленді.

Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін мейлінше халыққа оңайырақ ұғындыру, үйрету мақсатында басқарманың «Латыннегізді жаңа әліпби және жазу реформасы» әлеуметтік жобасы аясында 77TV телеарнасынан «LatynLIVE» телебағдарламасы айына 2 рет эфирге шығарылуда. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен а.ж.      тамыз айында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізді. Апробациядан өткізу қорытындысы бойынша түрлі салада қызмет атқаратын 500-ден аса адам қамтылды. Қатысушылардың 89% клавиатураны пайдалануға ыңғайлы және қолайлы екенін растады.  

Жалпы жыл басынан бері латыннегізді әліпбиді өңір тұрғындарына түсіндіру мақсатында 100-ден аса іс-шара өткізіліп, оған 80 мыңнан аса адам қамтылды.

Алдағы уақытта атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жалғасын таба береді.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Қ.Атен

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

13.05.2025
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты