«Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты кездесу
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көші мәселесін жастар арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты кездесу өткізілді.
Аталған іс-шара барысында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие бөлімінің басшысы Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Б.Тұрсынбек, Р.Нуркина, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Әбітаева және «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Кембаева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қорытындыларын қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.