2019 жылдың 4 сәуірі Қазақстан Республикасы қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Төлебаев Равиль Қуанышбаевич Т.Рысқұлов ауданына іс-сапармен барды.
Сапар барысында Р.Төлебаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ филиалы – Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Т.Рысқұлов аудандық бөлімінің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округі әкімі аппаратындағы, аудандық ауруханалар мен мектептергеді «Жамбыл адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру жағдайлары зерделенді.
Адалдық дүкендерін ашу мен оның жұмысы бойынша бірқатар сыни ескертулер айтылды.
Сондай-ақ, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолындағы жұмысы жайлы аталған мекемелердің еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді.
Одан әрі, «Нұр Отан» ХДП-ң аудандық филиалында азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызметтегі жоғарылау, баспана алу сынды сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.
Одан бөлек, Равиль Қуанышбайұлы аудан әкімімен бірге Құлан агротехникалық колледжінде студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы аудан активімен, Т.Рысқұлов ауданы мемлекеттік органдарының өкілдерімен, қоғамдық және кәсіпкерлік өкілдерімен талқыланды.