Бұл күні көпшілік суға түсіп, салт-дәстүрді орындайды. Алайда, бұлақ пен су айдындарында жазатайым оқиғалар жиі орын алып жатады.
Ғаламторда бұлаққа секіріп, қайта жүзіп шықпаған оқиғалар туралы деректер де бар.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында, облыс әкімінің орынбасары Қ. Мәдібек «Крещение Господне» мерекесі кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті.
Жергілікті атқарушы органдар арнайы шомылу үшін 4 қауіпсіз орын анықтады:
1. Талас өзені – Қазпоселкі ауылының маңындағы көпірдің сол жағалауы.
2. Аса көлі – Жаңа Жамбыл фосфор зауытына қарай автожол бағыты бойындағы көпірдің жанында.
3. «Әулиебастау» бұлағы – Қаратау-Жаңатас тас жолының маңында.
4. «Ақбұлақ» бұлағы – Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Смаханұлы көшесінде.
Өңірлік коммуникациялар қызметі