Коронавируспен ауырғаннан кейін тамақтану калориялы болуы керек, бұл ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі. Ақуызды көп мөлшерде тұтыну маңызды, ал шұжықтар бұл ас мәзіріне кірмейді. Ауырып жазылған адамдар үшін диетаның калориялық мөлшері жағдайдың ауырлығын және бастапқы дене салмағын ескере отырып, тәулігіне 1 кг дене салмағына 20-30 килокалорияға дейін болуы мүмкін. Бұл жағдайда жоғары энергия тығыздығы бар өнімдер мен тағамдарға артықшылық берген жөн. Ас мәзірінде бүйректің жағдайын ескере отырып, бұлшықет тінінің атрофиясымен күресу үшін дене салмағының әр килограмына 1,2-ден 2 граммға дейін ақуыз жеткілікті мөлшерде болуы керек.
Тізімде көрсетілген тағамдардың күніне кемінде 3-4 порциясын тұтыну ұсынылады: сүт, қышқыл сүт өнімдері, йогурт, сүзбе, балық, жұмыртқа, құс еті, ет (шұжық өнімдері мен шұжықтар қосылмайды), бұршақ, соя өнімдері. Емдік тағамдар әр түрлі болуы керек, күн сайын кемінде бес порция (бір порцияға шамамен 80 грамм) тұтынатын маусымдық жемістер мен көкөністерге назар аудару керек. Сондай-ақ, күніне кемінде төрт рет тамақтану керек, оның үшеуі негізгі және біреуі жеңіл тағам болғаны дұрыс.
Құрметті тұрғындар!
Өкінішке орай, жаңа мутацияланған дельта вирусы қайта жұқтыруға қабілетті. Аурудан кейін вакцинаны алуға болатын мерзім туралы дәрігерден кеңес алыңыз.
Вакцинация — COVID-19-дан жалғыз қорғаныс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі