Корея Республикасының Конституциялық Соты өзінің өзекті жаңалықтары мен шешімдері ұсынылған кезекті ақпараттық бюллетенін жариялады.
Жарық көрген жаңалықтардың ішінде Конституциялық Кеңес Аппаратының қызметкерлері де қатысқан Азиялық конституциялық соттар қауымдастығының зерттеулер мен даму жөніндегі хатшылығының басшылығымен өткен 3-ші ғылыми конференция бар.
Бюллетеньде сондай-ақ конституциялық шағым мәселелері бойынша азаматтармен өзара іс-қимылдың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша әзірлемелер ұсынылған және Корея Конституциялық Сотының соңғы жарты жылдағы негізгі шешімдері қамтылған.
Ақпараттық бюллетень электронды түрде келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/407754?lang=kk