КОНЦЕПТУАЛДЫ ОРТАЛЫҚ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
21 мамыр күні Астанада Oriflame Концептуалды орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Компания әлем стандартына сәйкес келетін және Қазақстан елордасының орталығындағы швед түкпірі болып табылатын Концептуалды орталығын ұсынды.
Oriflame Концептуалды орталығы жұмысының басталуын білдіретін лентаны салтанатты жағдайда қию үшін Қазақстан Республикасындағы Швеция Корольдігінің өкілі Матс Фойер (Mats Foyer) келді. Ашылу салтанатына сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттеріндегі, Украинадағы, Моңғолия мен Молдовадағы Oriflame Вице-президенті Катрин Алакбаров, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бас директоры Екатерина Мамедова, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы Oriflame Сату жөніндегі менеджері Анна Орищенко, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы Oriflame сатуды қолдау және маркетинг жөніндегі менеджері Анифе Гафарова қатысты.
Концептуалды орталықтың презентациясының ресми ашылуынан кейін көпшілік қауым Public Talk аймағына барды, онда баспасөз конференциясы мен сұрақ-жауаптар сессиясы өтті. Қонақтар компанияның жетекші сарапшылары өткізген екі шеберлік сабаққа қатысты. ТМД мемлекеттеріндегі Oriflame продакт-тренері, бет терісінің күтімі бойынша сарапшы Анастасия Фурка барлық қалаушылар үшін бет терісінің тестілеу диджиталын өткізді, ал Ресейдегі және ТМД-дағы Oriflame-нің ресми визажисті Алена Терещенко макияждағы сәндік тренд бойынша дәріс оқыды.
Басқосуларды танымал жүргізуші және модель Екатерина Краснова басқарды.
Oriflame – 50 жылдан астам тарихы бар сұлулыққа кешенді көзқарасты ұсынатын шведтік бьюти-сарапшы. Компания «Сұлулық – бұл сенің келбетің, сенің салауатты өмір сүруің, сенің бьюти-бейнең және стилің» деген ұстанымда. Сонымен қатар сұлулық – бұл табыс және сенің қоғамың.
Oriflame косметикалық өнімдердің негізі табиғи заттардан және ең үздік ғылым нәтижелерден тұрады.
Марка 1967 жылы құрылды және бүгінгі күні әлемнің 60-тан астам мемлекетімен жұмыс істейтін тікелей сатылымдағы халықаралық косметика компаниясы болып табылады. Oriflame шамамен 3 миллион кеңесшімен ынтымақтаса жұмыс істейді, ал компанияның жылдық айналымы шамамен 1,4 млрд евроны құрайды. Брендтің жеке фабрикалары тек Швецияда, Ресейде, Польшада, Қытайда және Үндістанда ғана емес, сонымен қатар өзінің ғылыми-зерттеу орталығы бар, онда 100 астам ғалым зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Oriflame Концептуалды орталығы Астана қаласы Достық даңғылы 4 мекенжайы бойынша Festival Avenue сауда галереясында орналасқан.