Бүгін Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этно-мәдени орталығында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек инновациялары» атты халықаралық конгресінің ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына арнайы Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов, Парламент Мәжілісі депутаты Гүлдара Нұрымова, Денсаулық сақтау саласының Қоғамдық кеңес төрайымы Надежда Петухова, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры Әсет Қалиев, онлайн режимде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, «Қазақстанның Еңбек Ері» Төрегелді Шарманов, Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясының ресми өкілдері құттықтау сөз сөйледі.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету инновациялары бойынша Алматы Декларациясының 44 жылдығына және Астана декларациясының 4 жылдығына арналған Халықаралық Конгрес басталды.
«Бұл конгрессті 2000 мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласында өткізу бастамасын Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық орталығы қолдады. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін» деді Жамбыл облысы әкімі Нұржан Молдиярұлы.