Гродеково мәдениет үйінде талапшыл жастардың жарысы өтті.
Ойынға Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы, Сансызбай Сарғасқаевтың “Алғашқы асулар” повесі, Шерхан Мұртазаның “Интернат наны” әңгімелер жинағы, Көсемәлі Сәттібайұлының “Жаралы жапырақтар” повесі, Әкім Таразидің “Тұлпардың ізі” кітабынан сұрақтар құрылды.
2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін құру туралы бастамасын қолдап, оқуға деген сүйіспеншілік – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті.
Алғысөзде Талас ауданы және Тараз қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Көсемәлі Сәттібайұлы, Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы Зауре Абдирасилова сөз сөйледі.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты — “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік.
Ойын нәтижесі бойынша үш топ жеңімпаз атанды.
Олар: Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектебі, Айша бибі орта мектебі, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі.
Үш топ арасында ойын өткізіліп, гранд финалға жолдама таласатын болады.
Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хат үлестірілді.
Жеңімпаз командалардың әрқайсысы 400 000 теңгеге ие болды.
TURANINFO.KZ