Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы қолдауымен “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Ой шебері» зияткерлік ойынына аудандар мен қала мектептерінің білім алушылары және олардың жетекшілерінен құралған 90 топ өзара бақ сынасты.
Барлығы 6 кезеңге бөлінген ойында, оқушылар Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», «Қызыл Жебе», «Бір кем дүние», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Күләш Ахметованың өлеңдер жинағынан, тағы да басқа киелі Әулиеата өңірінің көрнекті тұлғаларының, танымал жазушы мен ақындардың шығармаларына қатысты сұрақтар болды.
Ойынның қорытындысы бойынша 3 команда жеңімпаз атанды: Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейі (Сарысу ауданы), Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы (Байзақ ауданы), Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейі (Меркі ауданы).
Жүлде қоры (1,2 млн теңге) 3 командаға бөлінді. Ойын толықтай демеушілер көмегімен өткізілуде.
Іс-шара барысында барлық қатысушыларға «Атамұра», «Алматы-Мектеп», «Foliant» кітап баспасы жарыққа шығарған қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармалар жинағы, батырлар жыры таратылды.
Атап өту керек, «Ой шебері» зияткерлік ойыны жылдың аяғына дейін ұйымдастырылады. Ойынға облыстағы барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Жылдық жүлдеқор 18,8 млн теңгені құрап отыр.
TURANINFO.KZ