Үкіметтік емес ұйымдар мен әділет басқармасы өзара бірлесе жұмыс істеу туралы бастама көтерді
Тараз қалалық Әділет басқармасы мен «Жамбылд облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры өткізген бұл бас қосуда елімізде қабылданатын заң жобаларына немесе қабылданған нормативтік құқықтық актілерге республиканың кез-келген азаматы қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс білдіруге құқығын облыс тұрғындарына насихаттауды ҮЕҰ бірлесе ұйымдастыруды талқылады.
Кездесуге Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы Г.Кушекова, Тараз қалалық мәслихатының депутаты С.Берікқожа, ҮЕҰ көшбасшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Шараның басты мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске асыру. Дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін жоғарылату үшін қолданыстағы заңнамаларға да уақыт талабының негізінде қажетті өзгерістермен толықтырулар енгізіліп отыр.
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдармен азаматтық қоғам арасындағы «байланыс көпір» болып табылады. Осыған орай, «Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ақпараттық сүйемелдеу» тақырыбында өткізілген бас қосуда төмендегідей мәселелер сөзге тиек етілді.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарға заң шеңберінде тегін көмек көрсету және насихаттау жұмысы арқылы халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату мемлекеттік органдардың міндеті; халықпен тығыс байланыста болатын үкіметтік емес ұйымдардың рөлі азаматтардың көкейінде жүрген мәселелерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес дұрыс бағыттарды беру, диалог алаңдар арқылы қоғамда азаматтардың азаматтық көзғарасы мен Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.
TURANINFO.KZ