Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жезқазған қаласы жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымға жетеді. Нысан 1951 жылы пайдалануға берілген, 56,6 пайызға тозған.
«Жылу желілері цехында 1969 жылы іске қосылған 8 сорғы стансасы бар. Жылыту маусымында жылу желілерінің тозуы жылумен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді. Қаланың кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажет екенін ескере отырып, бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды», — деп жазылған хабарламада.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, бөлінген 2,8 млрд теңге жобаны аяқтауға және 98 мыңнан аса тұрғыны бар қаланың жылу желілерін сапалы дайындауға мүмкіндік береді.