• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Отырыста еліміздегі инвесторлар қызметінің өзекті мәселелері, олардың елішілік құндылықты дамытуға қосқан үлесі қаралды.

16.05.2025
0
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет бизнес ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру қарқынын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Бұл капиталдың қосымша ағынын қамтамасыз етуге, ресурстық әлеуетті арттыруға және жаңа өнеркәсіп өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді. Премьер-министр экономиканың басым салаларында жаңа жобаларды жүзеге асыру, терең локализациялауды қамтамасыз ету және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту үшін инвесторлармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге баса назар аударды.

— Мемлекет басшысы қазіргі геосаяси және экономикалық жағдайда жеке инвестициялар тарту арқылы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру үшін қолайлы орта құру басым бағыт екенін атап өткен болатын. Біз сіздермен Қазақстанда жұмыспен қамтуды арттыруға және терең локализациялауға ықпал ететін жаңа өндіріс орындарын құруға мүдделіміз. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарының әлеуетін ашу және экономиканың басым секторларында серпінді жобаларды іске асыру маңызды. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Қазақстан Үкіметі сындарлы диалогқа ашық және еліміздің дамуына ықпал ететін шешімдерді бірлесіп жүзеге асыруға дайын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыс барысында инвестициялық саясатты жүзеге асыру; денсаулық сақтау және фармацевтика өнеркәсібін дамыту; энергетика, экология және мұнай-газ саласы; еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту; цифрландыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс топтарының баяндамалары тыңдалды.

«Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, ExxonMobil Kazakhstan Inc. басқарушы директоры Сесиль Ролин, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан республикаларында маркетинг және өткізу жөніндегі директоры Димитрий Пропп, KPMG Caucasus and Central Asia басқарушы серіктесі әрі атқарушы директоры Сәкен Жұмашев, «Химфарм» АҚ бас директоры Адам Алексеюк, Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Хусейн Өзхан сөз сөйледі. Спикерлер алдағы жұмыс экологиялық реттеуді, бұлтты технологиялар мен жасанды интеллектіні, көші-қон нормаларын жетілдіруге, жер қойнауын пайдалану саласындағы процестерді цифрландыруға, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мәселесі бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуге, денсаулық сақтауға инвестициялар мен технологияларды тартуға бағытталатынын атап өтті.

Инвесторлар көтерген мәселелер бойынша Ұлттық экономика, энергетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары түсіндірме берді. Мәселен, Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту бойынша бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Жергілікті жеткізушілерді қолдауды және оларды қосылған құн тізбегіне біріктіруді көздейтін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң қабылданды.

Тұрақты бизнес-экожүйені қалыптастыруға бағытталған 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы өзектендірілді. Жобаларды іске асыру кезеңдерін жеңілдететін ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Инфрақұрылымдық қолдау қамтамасыз етілді – инвесторларға арнайы экономикалық, индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтардағы дайын өндірістік алаңдар ұсынылады. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жүктеу және жаңа қатысушыларды тарту үшін ұзақмерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға айтылған мәселелер мен ұсынымдарды пысықтауды тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: инвестицияҚР ҮкіметіОлжас Бектеновшетелдік инвестор
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский