• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Үкімет басшысы Қарағанды облысының бірнеше кәсіпорнына барды

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет басшысына облыс бойынша 61 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылғанын айтты.

15.02.2024
0
Үкімет басшысы Қарағанды облысының бірнеше кәсіпорнына барды
44
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет басшысына облыс бойынша 61 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылғанын айтты. Жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын жобалар 14 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Олардың басым көпшілігі тау-кен өнеркәсібі, металлургия және құрылыс салаларын қамтиды.

2024 жылы 252 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, катодты мыс, кремний қорытпалары, жел энергетикасы мұнаралары, мырышталған металл бұйымдары және т.б. шығару бойынша жаңа өндірістер ашылуы тиіс. Саран қаласында жүк автомобильдерінің өндірісі іске қосылады.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Олжас Бектенов «Steel Manufacturing» патрон зауытының жұмысымен танысты. Биыл винтовка патрондары желісін іске қосу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, сондай-ақ түрлі калибрдегі патрондардың сериялық өндірісі іске қосылады деп күтілуде.

Қазақстандық патрон зауыты – қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі жоғары технологиялық бірден-бір кәсіпорын. Мұнда қауіпсіздік мәселесіне және өндірісті автоматтандыруға басымдық берілген, өндірістік процестің барлығы адамның қатысуынсыз, автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұған дейін Қазақстанда оқ-дәрі өндірісі болмаған, ал елдің қажеттіліктері бұрынғы қорлардың есебінен жабылып келді немесе шетелден сатып алынды.

Премьер-Министр зауыт өндірістік қуатын толығымен пайдаланып жұмыс істеуі керек екенін, сол себепті оны салалық ведомстволардың жоспарға сай тапсырыстарымен жүктеу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Олжас Бектенов «Қарағанды – Балқаш – Алматы» автожолын реконструкциялау барысы туралы баяндамаларды тыңдады. Бүгінгі таңда жаңа асфальт бойынша жол қозғалысы қамтамасыз етілген, айналма жолдар тек жол өтпелері салынып жатқан учаскелерде ғана қалып отыр.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының басшысы Дархан Иманашевтың айтуынша, 11 көпір мен нысан бойынша жұмыстар аяқталып, Балқаш қаласын айналып өтетін жерде теміржол көпірі арқылы өтпе жол салынды. Оған қоса тасжол бойында 18 демалыс алаңы, оның ішінде санитариялық-гигиеналық тораптар салынбақ. Жобаны аяқтау үшін қазір жол құрылысы материалдары мен қажетті жайластыру элементтері белсенді түрде дайындалып жатыр.

Үкімет басшысы барлық жұмысты жыл соңына дейін аяқтау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте ол қосымша арнайы техниканы бөлу және ұзын-сонар кептелістерді болдырмау үшін автожолдардағы қар тазалау шараларын күшейтуді талап етті.

Одан кейін Олжас Бектенов Qarmet металлургиялық комбинатының өндірістік цехтарына барды. Бүгінгі таңда комбинат – республикадағы толық өндірістік циклі бар ірі тау-кен және болат кәсіпорындарының бірі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекет оны әрі қарай дамытуға қажетті қолдау көрсетуде.

Олжас Бектенов №3 домна пешінің, табақша металды илемдеу цехының, сондай-ақ ыстық күйде мырыш және алюминий жасау цехтарының жұмысымен танысты.

Мұнда Премьер-Министр металлургтермен әңгімелесті, оның барысында кәсіби мамандық мәртебесін арттыру, жалақыны ұлғайту, жас мамандарды даярлау үшін жаңа оқу орындарын құру, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселе көтерілді.

Үкімет басшысы көтерілген мәселелердің барлығы және Qarmet-тің алдағы жұмысы мемлекеттің бақылауында болатынына сендірді.

«Жаңа инвестор өндірісті жаңғыртуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға ауқымды инвестициялар салу бойынша міндеттемелер қабылдады. Бұл бос сөз емес, мұның бәрі қағазға қатталған және мемлекеттің бақылауында болады. Президент барлық тиісті тапсырманы берді. Комбинаттың тынысы кеңейіп, жаңа өмірге жол ашатынына сенімдіміз. Бұл – отандық өнеркәсіптің мақтанышы. Біз өз тарапымыздан бақылап, жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-Министр салалық ведомстволар басшыларының, жаңа инвестордың, әкімдік өкілдерінің және кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен Qarmet-тің өзекті мәселелерін шешу және одан әрі дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Qarmet акционері Андрей Лаврентьев 2028 жылға қарай темір кені концентратын шығаруды 5 млн тоннаға дейін ұлғайту, 9 млн тонна көмір және 5 млн тонна болат өндіру жоспарланып отырғанын айтты.

Оған қоса Үкімет басшысының назарына химия, мұнай, құрылыс және кеме жасау салалары үшін болаттың жаңа және премиум маркаларын шығару, жүк техникасын, автобустарды, ауыл шаруашылығы техникасын, теміржол вагондарын және т.б. өндіру әлеуеті ұсынылды. Әсіресе автомобиль жасау кезінде пайдаланылатын болаттың жекелеген түрлеріне ерекше назар аударылмақ, бұл отандық машина жасау өндірісін локализациялауға оң әсер етеді. Жалпы әлемдік нарықтағы өнімнің жаңа маркаларына деген сұраныс комбинаттың Орталық Азия мен ТМД металлургиясы көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін қайтаруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Компания үшін басымдыққа ие тағы бір перспективалы бағыт – көмір химиясы. Пиролизді конверсиялау технологиясына сүйене отырып, көмірді пайдалы өнімдер мен шикізат ретінде өңдеу жоспарланып отыр. Бұл Қарағанды көмір бассейнінің қайта түлеуіне елеулі серпін бермек.

Барлық стратегиялық міндетке қол жеткізу үшін Олжас Бектенов уәкілетті мемлекеттік органдарға кәсіпорынның өзекті мәселелерін пысықтауды тапсырды. Атап айтқанда, Qarmet-ті табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек, бұл өз кезегінде Теміртау қаласының экологиясын түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді.

Осы орайда Премьер-Министр компанияның инвестициялық жоспарларын іске асыруды барынша жеделдету қажеттігін атап өтті, бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының құрылымын өзгертуге елеулі үлес қоспақ.

Saran индустриялық аймағын аралау кезінде Үкімет басшысы 2021 жылы іске қосылған автобус шығаратын «Qaztehna» зауытының жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда кәсіпорында шағын торапты құрастыру, дәнекерлеу және бояу цехтары жұмыс істейді. 2023 жылы мұнда 1 700-ге жуық автобус шығарылды. Зауыттың өнімі Қазақстанның ішкі нарығына, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне жіберіледі.

Содан кейін Олжас Бектенов автомобиль шиналарын шығаратын «KamaTyresKZ» кәсіпорнына барды. Мұнда көктемде сериялық өндірісті бастау жоспарланып отыр. Ол үшін арнайы курстардан білім алған 500-ден астам қызметкер бүгінде жұмысқа кірісуге дайын, ал кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін қосымша 1 000-нан астам жұмыс орны ашылмақ.

Жобаға 214 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Жобалық қуаты жылына 3,5 млн жеңіл, жеңіл жүк және жүк шинасын құрайды. Қазіргі уақытта мұнда жабдықтарды монтаждау және іске қосу, ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: Қарағанды облысыҮкімет басшысы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты