Облыс әкімі және аудандар мен Тараз қаласы әкімдері арасындағы 2019 жылға арналған келісімдердің түйінді нысаналы индикаторларының орындалуы туралы рейтингін ұсынамыз.
Соңғы орында Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле. Ауданда жоспар бойынша, «Өнеркәсіп өнімінің көлемі» 8107,5 млн. теңге болса, ал нақтысында 6999,9 млн. теңге; «Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі» жоспарда 2696,5 млн. теңге, нақты жасалғаны 2383,5 млн. теңге. «Негізгі капиталға салынған инвестициясының көлемі» жоспар бойынша 9178,3млн. теңге; нақты жасалғаны 8713,9 млн. теңге. «Жұмыс істеп тұрған ШОБ субьектілерінің саны» жоспар бойынша 7175 бірлік, нақты жасалғаны 7129 бірлік. «Діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын азайту» жоспар бойынша 5%, нақты жасалынғаны 4,5%. «100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету» жоспар бойынша 8 бірлікті көрсетсе, нақты жасалынғаны 22 бірлікті құрап отыр.
10 орын Сарысу ауданы әкімі Қанатбек Мәдібеков. Ауданда «Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі» жоспар бойынша 18856,6 млн. теңге, нақты жасалынғаны 13574,2 млн.теңге.
«Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капталына тартылған инвестиция көлемі» жоспар бойынша
883,8 млн. теңге, нақты жасалынғаны 381,5 млн. теңге. «Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» жоспар бойынша 30,0млн. тг, нақты жасалынғаны 22,6 млн. теңге. «Құрылыс жұмыстарыың көлемі» жоспар бойынша 6183,0 млн. теңге, нақты жасалынғаны 4061,5 млн. теңге. «15-17 жастағы балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі» жоспар бойынша- 0,0, нақты жасалынғаны 127,1. «100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету» жоспар бойынша 1 бірлік, нақты жасалынғаны 2 бірлік.
9 орын Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков.
«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» жоспар бойынша 10720,7 млн. теңге; нақты жасалынғаны 1654,7 млн. теңге. «Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі» жоспар бойынша 10485,2млн. теңге; нақты жасалынғаны 1418,5 млн. теңге. «Негізгі капиталға салынған инвестициясының көлемі» жоспар бойынша 4853,8.млн. теңге; нақты жасалынғаны 4490,7 млн. теңге. «Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капталына тартылған инвестиция көлемі» жоспар бойынша 1978,3 млн. теңге, нақты жасалынғаны 1092,6 млн. теңге. «Діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын экстремистік көзқарасты ұстанушылардың санын азайту» жоспар бойынша 5% нақты жасалынғаны 3,9%, құрайды.
8 орын Байзақ ауданының экс әкімінің жұмысы Нұржан Нұржігітовке табысталды.
«Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» иникаторы жоспар бойынша 368,3 млн. тг, нақты жасалынғаны 82,3 млн. теңге. «15-17 жастағы балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі» индикаторы жоспар бойынша 0,0, нақты жасалынғаны 27,9. Діни өшпенділік пен алауыздықты тудыратын эктремистік көзқарасты ұстанушылардың санын азайту» индикаторы жоспар бойынша 5%, нақты жасалынғаны 11 бірлік. Бұл көрсеткіш экс әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің жұмысынының нәтижесін көрсетеді.
7 орын Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов.
«Елді мекендердің маңына «Жасыл белдеу» құруға берілген жер учаскелеріне тиісті шаралары жүргізу (көшет отырғызу, күтіп-баптау, суғару, қору) жоспар бойынша 14,0 га; нақты жасалынғаны 0,0 га. «Ауыл шаруашылығ мақсатындағы жердің ауыл шарашылығы айналымын а тартылған үлесін ұлғайту» индикаторы жоспар бойынша 6000, га; нақты жасалынғаны 0,0 га); «15-17 жастағы балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі» индикаторы жоспар бойынша 0,0, нақты жасалынғаны 37,4
6-орынға Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов орналасты.
«Сиыр ет экспорты» индикаторы жоспар бойынша 10,0 тонна; нақты жасалынғаны 0,0 тонна); «Құрылыс жұмыстарыың көлемі» индикаторы жоспар бойынша 7896,9,0 млн. теңге; нақты жасалынғаны 7480,2 млн. теңге); «100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету» индикаторы жоспар бойынша 4 бірлік, нақты жасалынғаны 8 бірлікті құрайды.
5 орынға Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков жайғасты.
«Негізгі капиталға салынған инвесттцының көлемі» индикаторы жоспар бойынша 6168,4 млн. теңге нақты жасалынғаны 2796,9 млн.теңге.
«Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі» жоспар бойынша 91,8 млн. теңге; нақты жасалынғаны 76,9 млн. теңгені құрайды.
4 орынға Мойынқұм ауданының әкімі орналасты.
«Көшелерде жасалған қылмыстардың санын төмендету» индикаторы жоспар бойынша 2 бірлік, нақты жасалынғаны 4 бірлік) орындалмады.
3 орын Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов.
«Жұмыс істеп тұрған ШОБ субьектілерірінің саны» индикаторы жоспар бойынша 4326 бірлік; нақты жасалынғаны 4285 бірлік) орындалмады.
2 орынға Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев жайғасты.
«Елді мекендердің маңына «Жасыл белдеу» құруға берілген жер учаскелеріне тиісті шаралары жүргізу (көшет отырғызу, күтіп-баптау, суғару, қору) » индикаторы жоспар бойынша 50,0 га; нақты жасалғаны 29,0 га); орындалмады.
1 орынға көш бастап тұрған Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиев орналасты. Талас ауданы барлық жоспарланған индикаторларды орындаған.
TURANINFO.KZ