• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аналитикалық жаңалықтар

Әкімдер рейтингісі. 2024 жылдың қорытындысы

Turaninfo.kz ақпарат агенттігі дәстүрлі түрде Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің рейтингісін жүргізуде.

05.02.2025
0
Әкімдер рейтингісі 2024 жылдың қорытындысы

Әкімдер рейтингісі 2024 жылдың қорытындысы

10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторлар негізінде рейтинг жасақталды.

Жамбыл облысының 2024 жылғы бюджеті 777,6 млрд теңгені құрады.

Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің орындалмаған үш көрсеткіш бар. Олар: ауыл шаруашылығы, инвестиция, жеке инвестиция. Өткен жылы бөлшек сауда мен ауыл шаруашылығындағы межеленген көрсеткіштерге жетпей қалған еді.

Аутсайдерлер:

11 орын. Шу ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков. Ауданмен бес көрсеткішке жетпеген. Олар: Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, жеке инвестиция, құрылыс. Сонымен қатар, 2024 жылы әкімнің орынбасары болған Бақыт Бетбаев облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы болып, орнына жас Серікхан Пернеш жайғасқан болатын. Серік Сәрсенбеков зейнет жасына жақындағандықтан жақында жылы орнын босататын болады. Ал, аппарат басшысы Нариман Абай Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсіп орнына сенімді серігі, қызметтегі жылы «креслосын» өңірлік кадрлық резерв мүшесі Балаби Түменбаев жайғасты.

Бақытжан Жанибеков
Бақытжан Жанибеков

10 орын. Байзақ ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Олжас Баққараев. Олжас Елебекұлы желтоқсан айында тағайындалған болатын. Аудан 2024 жылдың басын Бақыт Қазанбасов әкімімен бастаған болатын, жыл ортасында зейнет жасына жеткендіктен уақытша міндетін атқаруға Болат Сағынбеков алып жүріп үш әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштеріне жетпеген. Олар: инвестиция, жеке инвестиция, тұрғын үй.

Кадрлық өзгерістерден әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлыққа облыс әкімдігінен Рүстем Қасымов, аппарат басшысы болып облыстық әкімдіктін бөлім басшысы Асылжан Құрманов ауысқан болатын.

Олжас Баққараев
Олжас Баққараев

ОРТА:

Рейтингтің үздігі немесе аутсайдері емес, 4-9 орындарға жайғасқан орта шептегі әкімдіктерді тізбектейік. Әкімдіктер екі индикатордан орындалмаған болатын.

Сарысу ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Сакен Мамытов. 2024 жылы Мамытовтың үш орынбасары ауысты. Аманов, Серимов қызметтерінен кетіп, үшінші орынбасарлық жылдың басында вакансия болды. Әлеуметтік салаға облыстық әкімдіктен Ерлан Ермағанбетов, құрылыс пен бюджет саласына Жанғозы Жаркенов, 2025 жылдың басында Нұрлан Молдабековты жайғастырды.

Сакен Мамытов
Сакен Мамытов

 

Сакен Үмбетұлы 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторлары: инвестиция және жеке инвестиция. Осы көрсеткіштердің жартысына ғана жеткен. Өнеркәсібі туралаған ауданда инвестиция мен жеке инвестиция орындалмауында әкімдіктін бюрократиялық мүмкін, басқа себептермен инвестиция көздері келмеуде.

Мойынқұм ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Ермек Кәрентаев. Қыркүйек айында әкім ретінде Ермек Амангелдіұлы тағайындалған болатын. Жылдың басы Әлихан Балқыбековпен басталып, міндетін атқарушы әкім істі болып сотталып кетті. Сотты болған әкім орынбасары лауазымына Байзақ ауданы әкімінің аппарат басшысы Еркін Заурбеков келді.

Орындалмаған индикаторлар: ауыл шаруашылығы мен жеке инвестиция.

Ермек Кәрентаев
Ермек Кәрентаев

Қордай ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Бегзат Болатбеков. 2023 жылдың қорытындысы бойынша аутсайдер болып, осы жылы рейтингтін ортасынан табылғандығы жұмыстың реттілігімен үйлестіру жұмыстары жүргізілген болар. 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторлары: инвестиция және жеке инвестиция.

2024 жылы «Сақалды құрылыс» болып қалған Еңбек ауылындағы спорт комплекс ауыл тұрғындарының пайдалануына берілді.

Бегзат Болатбеков.
Бегзат Болатбеков.

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов. Ауданда 2024 жыл «Томирис» лақап атымен әлеуметтік желіге танылған Тереңөзектік тумасы үшін аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев өз өтінішімен қызметінен босап, орнына Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан Қайрат Исмаил ауысты.

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторлары: жеке инвестиция және құрылыс.

Ернар Есіркепов
Ернар Есіркепов

Жуалы ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза. Аудан әкімдігінің аппарат басшысы ауысты. Ратбек Кусембаев аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылдық округі әкімі болып сайланып орнына Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Жасөркен Жақсылық тағайындалды. Рақымғазы Куниязов алдағы уақытта зейнетке шығады.

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторлары: өнеркәсіп және жеке инвестиция.

Жалғас Алижанұлы аудандағы «сақалды құрылыстар» болып кеткен Қайрат ауылындағы мәдениет үйі мен Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық саябақ жанындағы спорт кешені қолданысқа берілді.

Жалғас Мұртаза
Жалғас Мұртаза

Тараз қаласы әкімдігі.

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков. Қала екі ауданға біөлінді. Оңтүстік аумағы — Жібек жолы, солтүстік аумағы — Әулиеата аталды.

Қала әкімінің орынбасарлығына Нұрсұлтан Исабеков пен Улана Сламбекова тағайындалды.

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторлары: инвестиция және жеке инвестиция.

Бақытжан Орынбеков
Бақытжан Орынбеков

ҮЗДІКТЕР.

3 орын. Меркі ауданы әкімдігі. 

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов. Ербол Жұмабекұлы желтоқсан айының соңында тағайындалған болатын. Оған дейін абыроймен ауданды Жорабек Баубеков басқарған болатын. Аудан әкімі орынбасары лауазымынан зейнетке шыққан Бақытхан Әбжаппаровтың орнына Ернар Әбілдаев тағайындалды. Аппарат басшысы лауазымы қазіргі уақытта бос вакансия болып тұр.

Қазіргі таңда Жорабек Нұрмегенұлы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында қызмет атқаруда.

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторы: ауыл шаруашылығы.

Ербол Жиенқұлов
Ербол Жиенқұлов

2 орын. Жамбыл ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы. Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болған Ербол Жиенқұлов Меркі ауданына әкімі болып тағайындалды. Ауданның көп аумағы мен халқы Тараз қаласына кіргендіктен ауданның бюджеті біршама азаяды.

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша орындалмаған индикаторы: өнеркәсіп.

Ерлан Қыдыралыұлы
Ерлан Қыдыралыұлы

1 орын. Талас ауданы әкімдігі.

Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков. Талас ауданы әкімдігі межелеген барлық индикаторларды толықтай орындап шыққан. Аудан атқамінерлері жұмысты дұрыс жоспарлап, межеленген индикаторларға жете білген.

Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған«Мәдениет – асыл қазынам» мәдениет күндерінің қорытындысы бойынша Талас ауданы бірінші орын алған болатын.

Нурбол Жүнісбеков
Нурбол Жүнісбеков

Халықтың әл-ауқатты көтерілгендігі жайлы жергілікті тұрғындар пікір білдіре жатар.

TURANINFO.KZ

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

30.05.2025
Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Байзақта алимент төлемеген азаматтың бас бостандығы шектелді

30.05.2025
Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

30.05.2025
Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

30.05.2025
Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

30.05.2025
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтары қорғалды

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтары қорғалды

30.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

30.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты