Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес облыс әкімі және облыстың аудандары мен Тараз қаласы әкімдері, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары арасындағы 2020 жылға арналған келісімдерде 31 индикатор есептелінді.
Бұл рейтинг Тараз қаласы мен аудан әкімдері орындалмаған индикаторларының саны мен агенттік тобының пікірімен жасақталды.
Ал, бірінші орынға өткен жылдың қараша айында Жамбыл ауданы әкімі болып тағайындалған Сакен Арубаев жайғасты.
Сакен Қаланұлы бастаған ауданда үш индикатор орындалмаған. Олар: «Өнеркәсіп өнімінің көлемі» индикаторы (жоспар — 19866,1 млн. тг, нақты — 18422,9 млн.тг); «Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі» индикаторы (жоспар — 18077,8 млн.тг, нақты — 16693,4 млн. тг); Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны индикаторы (жоспар — 4465 бірлік, нақты – 4457 бірлік);
Екінші орын. Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет.
Рүстем Рысбайұлы бастаған ауданда төрт индикатор орындалмаған. «Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны» индикаторы (жоспар — 7192 бірлік, нақты — 7075 бірлік). «Егістік алқабын ұлғайту» (жоспар — 123396,0га, нақты — 120718,9га). «Суармалы жерлер алқабын қалпына келтіру» (жоспар 2100га, нақты — 1027га); «Ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қызметтік ғимаратпен қамту» (жоспар — 2 бірлік, нақты — 0 бірлік).
Үшінші орын. Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың өте көп сынына ұшыраған Тараз қаласы әкімі Айтқазы Қарабалаев.
Айтқазы Дәулетқұлұлы бастаған облыс орталығы атқамінерлері бес индикаторды орындай алмаған. Олар: «Өнеркәсіп өнімінің көлемі» индикаторы (жоспар – 289653,3 млн.тг, нақты — 287071,0 млн.тг); «Негізгі капиталға инвестиция көлемі» индикаторы (жоспар — 110613,1 млн. теңге, нақты — 109320,9 млн. теңге); «Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны» индикаторы(жоспар — 26115 бірлік, нақты — 23129 бірлік); «Құрылыс жұмыстарының көлемі» (жоспар — 61202 млн.тг, нақты — 53123 млн.тг); «Ана өлімін төмендету» индикаторы (жоспар — 0 (100 мың тірі туылғанга шаққанда, нақты — 50,4 (100 мың тірі туылғанға шаққанда)
Төртінші орын. Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов.
Ерболат Салқынбекұлы бастаған ауданда төрт индикатор орындалмаған және агенттіктін «Жас әкім үмітті ақтады ма?» атты мақаласына ешқандай жауап келмеген. Орындалмаған индикаторлар: «Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу үлесі» (жоспар — 6 %, нақты — 4 %); «Аудан аумағында дала және орман өрттерінің 1 өрттің алаңы 0,030 мың гектардан аспау» индикаторы (жоспар — 0,030 га, нақты — 0,868 га). «Ауылдық елді мекендерде қол жетімділікті қамтамасыз ету үлесі: орталықтандырылған сумен» (жоспар – 91,1%, нақты — 90,7%); «15-17 жастағы балалар арасында өзіне — өзі қол жұмсау деңгейі индикаторы (жоспар — 0 ( 100 мың тұрғынға шаққанда), нақты — 32,9 (100 мың тұрғынға шаққанда);
Бесінші орынға Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков орналасты.
Мейірхан Азатұлы бастаған ауданда бес индикатор орындалмаған. Олар: «Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі» индикаторы(жоспар — 18849,3 млн.теңге; нақты — 16960,2 млн.теңге); «Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны» индикаторы(жоспар — 5231 бірлік, нақты — 4804 бірлік); «Суармалы жерлер алқабын қалпына келтіру» (жоспар — 700 га, нақты — 300 га). «Аудан аумағында дала және орман өрттерінің 1 өрттің алаңы 0,030 мың гектардан аспау» индикаторы (жоспар — 0,030 га, нақты — 0,575 га). «Ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қызметтік ғимаратпен қамту» (жоспар — 2 бірлік, нақты — 1 бірлік)
Алтыншы орында Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер болған Мәден Мұсаев. Мәден Тоқтарбайұлы бастаған аудан басшылығында 6 индикатор орындалмаған.
Жетінші орында Жамбыл облысы әкімінің экс орынбасары, Тараз қаласының экс әкімі, қазіргі таңда Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров орналасты. Нұржан Сәбитұлы жылдың ортасында тоғыз жолдың торабы болып саналатын аймақта басшысы ретінде жеті индикатор орындалмаған екен.
Сегізінші орында Сарысу ауданына алты ай ғана қызмет жасаған Бақытжан Жақсылықов орнықты. Бақытжан Алпысұлының басқаратын әкімдік қызметшілер жеті индикаторды орындай алмаған.
Тоғызыншы орында Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов. Нұржан Молдиярұлы командасы жеті индикаторды орындай алмаған.
Оныншы орында Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков. Нарбай Әбілқасымұлы бастаған жуалылықтар жеті индикаторды орындай алмаған.
Ең соңғы орында тоғыз индикаторы орындалмаған Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов. Бақыт Алпысбайұлы басқаратын ауданда шешімін таппай тұрған мәселелер көп екендігі бәрімізге мәлім. Оның ең соңғысы Қызыләуіт ауылындағы орта мектебінің мәселесі Жамбыл облысы әкіміне дейін жетіп, ол туралы «JAMBYL» телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» айтылған еді. Одан бөлек, баланың жарақат алып көршінің ауласында отырғандығы, Қасқабұлақта орын алған жағдайды айта кеткен жөн.
Айта кетерлігі, 2018 — 2019 жылдары әкімдердін рейтингісі орындай алмаған индикаторлары арқылы бағалаған едік. Осы жұмыс ары қарай да өз жалғасын табатын болады.
TURANINFO.KZ