Тараз қаласын қоршап алған Жамбыл ауданына жақында ғана әкімі болып тағайындалған Ерлан Қыдыралыұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері» атты брифинг өтті. Брифингте мазалаған бірнеше сұрақтар қойылды.
— Ассалаумағалейкум Ерлан Қыдыралыұлы! Менде бірнеше сұрақ. Әрқайсысына бөлек бөлек жауап берсеңіз. Бірінші сұрағым сізге. 2016 жылы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасы қызметіне тағайындалдыңыз. Атырау қаласынан бастау алған ауыл шаруашылық жерлерін шетелдіктерге берілмесін деген дау көтерілген болатын. Енді 2018-2019 жылы «Сады Востока» деген алма бақты шетелдік Нидерландық азаматтар өз иеліктеріне толықтай өткізіп алған. Сіз сол кезде әкім орынбасары болып сол өзгерістің енгізілуіне қол қойып, атсалысқан азаматтардың бірісіз. Сіз неліктен ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктердің қолдарына өткізіп қоюға себепші болдыңыз.
-Дұрыс, шетелдіктерге біз жерді бердік деп айта алмаймын. Бұл жер біздің ауданда тұр. Ешқандай шетелдік жоқ. Бұны алған азаматтар жерді пайдаланып жатқан жоқ. Бірақ сізге бұл мәселе бойынша қосымша нақты жауап берейін жазбаша түрде.
— Екінші мәселе. Еңбек ауылындағы газ мәселесі. Өткен жылдың аяғында газ мәселесі көтерілген болатын. Сол кезде ауыл тұрғындары бізге газ ШРП бәрі келіп тұр, бірақ кіргізіп жатқан жоқ, бағасы қымбат деген дау көтерген болатын. Ол сұраққа 1-тоқсанда бітеді деп жауап берді. Ол мәселе не болып жатыр? Еңбек ауылының тұрғындарына газ берілді ма?
— Бұрынғы ауыл округтерінде газ тек қана ауылдың басына ғана қойылатын. Содан кейін елді мекен өздері қаржы жинап тартып алатын. Бірақ біз былтырғы жылы осы 9 елдімекеннің газы толықтай ауылдың ішіне кіргізіліп берілді. Бірақ бұл жерде дұрыс түсіну керекпіз, елді мекен газга үй үйді бір біріне жалғауы керек, олар тек қана ауланың маңында тұрған газды ішке кіргізу керек. Соны ғана толықтай аяқтамай отыр. Үлкен қысымды трассаны Асаға аудан орталығына барып тұрған трасса бар. Оның көлемі жалпы 9 елді мекенді қосатын болса, газдың жетіспеушілігі туындайды. Сондықтан қысымды, үлкен көлемді кеңістікті трубаға ауыстыру үшін 669 млн қаржы қажет болған. Былтырғы жылы конкурстық рәсімдердің бәрі өтіп қойған, биылғы жылы соның 363млн жылдың басында берді энергетика басқармасына. Тапсырыс беруші Энергетика басқармасы. Енді жетіспей тұрған 306 млн сәуір айының аяғында берді . Толық 669 млн теңге қазір Энергетика басқармасында жұмыс басталып жатыр. Халық көріп отыр. Аса-Тараз бағыты жолдың бойында газ қысымын ауыстыру үлкейтер трубаны ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол қысым толық жасалып трубаға құйылғаннан кейін, әр ауласына дейін газ кіргізіледі.
-Ерлан Қыдыралыұлы сіз нақты сұраққа жауап бермей отырсыз. Халыққа сіздердің, әкімдіктің,
Қандай ақшамен ұалай жасалып жатқаны қызықтырмайды. Нақты Еңбек ауылының тұрғындары 1 тоқсанда үйлеріне газ кіргізе алды ма? Иә ма жоқ па?
-Газға қысым болмаса қалай кіргізуге болады? Қысым бітеді труба ауысып, газдық мекеме жұмысын бітіреді, одан кейін трубаға газ жібереді.Жібергеннен кейін елге қосылады. Бірақ газ келгенде тұрғындар үйді үйге кіргізіп бітіру керек. Біздің тұрғындарымыз газ сұрағаннан газ сұрағанымен үйді үйге кіргізуі керек.
— Енді келесі сұрағым осы 2020 жылы Антикор мен Адалдық алаңымен сіздің туыстарыңыздың сіз жер комиссия төрағасы ретінде әйеліңіздің, жақындарыңыздың Шайқорық ауыл маңынан жер телімдерін иеленді деген ақпарат тараған болатын. Одан кейін сізді сол комиссия төрағалығынан алып тастаған болатын. Осы мәселе немен жабылды.
-Менің анамның Шаруақожалығы болды. Анам өмір бойы сол Шаруақожалықта істеген. 5 ұлы болған. Былтыр осы дүниеден қайтты. Сонда ауырып, қатты қиналып жатқан кезінде балаларына Шаруақожалықты тірі кезінде бөлді. Бұл переоформление. Анамның атындағы шаруашылықты ағайынды ұлына тиесілі. Сондықтан ол жерде менің де үлесім бар, менің үлесімді менің жолдасыма, әйелімнің атына бөлді. Бқл жерде маған келіп түскен құжат переоформление жасауға келіп түскен құжат. Менің Шаруақожалығымның мүшелерінің мына жерлерді өзінің үлесіне сәйкес бөліп берсін деді. Бұл мәселе бойынша Тәртіптік Кеңесте қаралдым. Сондықтан мен бұл мәселеде ешқандай қылмыстық құрам жоқ болғандықтан мені ол жерден босатты. Ешқандай тәртіптік жаза алғам жоқ. Берілген жер тек қана Шаруақожалықта болған жер.
— 2020 жылы сол ауданды аралаған кезде сол КазВодХоздың латоктарды жөндеу, оның цементін ауыстыру мәселесі көтерілген етін. Сол жобалар қайта қаралды ма ? Шаруалар5а су жеткізу мәселесімен айналысып жатқан ЕБРР-дан алған 26 млрд ақшаның біраз бөлігі сол Жамбыл ауданына тиесілі. Сол мәселе қандай болып жатыр?
-Өте дұрыс айтасыз, бұл мәселе 2019 жылы басталған 2021 жылы аяқталды. Бұл жұмыстар толықтай аяқталған жоқ. ПУЙД программасымен 24 канал жұмыс істеп жатыр. ЕБРР бағдарламасымен 74 канал жұмыс істеп жатыр. Бұл проект сметалық жобалар жасаған кезде проектіден үлкен қателіктер кеткен. КазСуШар бірнеше рет келген, министр бірнеше рет келді. Қазір жөндеу жұмыстары, проектілік сметалық жұмыстарға қайта қаржы бөлінді. Бағаның айырмашылығы, пандемияға байланысты біраз жұмыстар тоқтап қалды. Қазіргі бағаның айырмашылығына байланысты қайтадан сметалық құжаттарға өзгерістер енгізілуде. Егер сол құжаттар қайтадан түсетін болса ары қарай жұмыс жасалынады. Дегенмен де жұмыс тоқтаған жоқ, Мейірман каналында, Раис каналында ПУИТ бағдарламасымен түгел каналдармен жұмыс жүріп жатыр. Вегитациялық период басталғанына байланысты ағын сумен шаруалар қамтылуда. Күздің күні Вегитациялық жұмыстар тоқтағаннан кейін бұл жұмыстар құрылыс жұмыстары арқылы жалғасатын болады.
— Келесі сұрағым Шайқорықтың бойында «Лесаполоса» бар. «Лесаполоса» жәніндегі талдарды жекешелендіріп алып, тал қалып жатқан жоқ ол жерде, енді «Лесапалосанын» жеріне өтсе де ол жердегі талдардың бәрі азайып жатыр. Осы бойынша сол жерлерді қайтарып алуға, сол жердегі талдарды аман сақтап қалуға осы жергілікті әкімдік жұмыс жасап жатыр ма?
-Теміржолдың бойындағы «Лесаполоса» Теміржолдың бетінен 50 метрге дейін Теміржолдың жері болып есептелінеді. Асфальт жолдан 25 метрге дейін аудандық және облыстық майда жолдар болып есептелінеді. Шайқорықтағы айтып отырған мәселе бойынша мен қосымша зерделеп, Шайқорықтың бойындағы талдардың біраз қурағандарына тазалау жұмыстарын жүргізгенбіз. Заводпен бірге көшеттерді қайта отырғызғанбыз. Бұл бақылауда. Ескірген санитарлық кесілген талдар болса біз оларды қайта қолға аламыз.
-Сіз өзіңіздің аппарат басшысы, лауызымды азамат, бұрынғы пракурор, бұрынғы заң бөлімінің басшысын сіз өзіңіздің орынбасар қылып қойдыңыз. Енді заңгер, бірде бір күн ауыл шаруашылығымен айналыспаған адам қалай ауыл шаруашылығын ісін ары қарай жүргізейін деп тұр? Неге осы мәселеде сіздер өз ісінің маманын тауып, сол кісіге сол орынбасарлық орынға қойдыртпадыңыздар?
-Конкурсты аудандық, облыстық аппарат өткізді.Бірақ дегенмен ауылшаруашылық мамандары өткізді. Маған өзіңіз айтқандай ауылшаруашылық маманы керек болатын, бұл жерде Бауыржан Тоқтасыновтың жер қатынастар бөлімінің басшысы тапсырған құжатты, Талас ауданының ауыл шаруашылығы жөнінде орынбасары Қойлыбаев Торайхан тапсырды. Бірақ қорытынды комиссия тестінде сұрақтарға жауап берісінде Жомарт жеңімпаз болып шықты. Бізге конкурстың қорытындысы келді. Дегенмен ол азамат тәжірибелі азамат. Ауыл шаруашылығында тәжірибесі жоқ. Бірақ ауыл шаруашылық саласында ветерания, ауыл шаруашылық бөлімдері бар солармен жұмыс жасайтын болады. Конкурстан өтіп тұрған адамды біз қайтарып жібере алмаймыз. Мен бұл жерде шешім қабылдай алмаймын. Конкурстың шыққан нәтижесінде «Мемлекеттік шыққан заңға сәйкес» мен қабылдауға тиіспін.
-Рақмет