• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ӘКІМ ПАРАОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІНЕ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Бердібек Сапарбаев жылдың үздік спортшыларын марапаттады

25.12.2021
0
ӘКІМ ПАРАОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІНЕ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ
533
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. «Жыл үздігі – 2021» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Аймақ басшысы өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауықымды жұмыстарғақысқаша тоқталып өтті.

— Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде спортшылар талай белестерді бағындырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап спортқа айрықша көңіл бөлді. Соның нәтижесінде, түрлі әлемдік додаларда, Олимпиада ойындарында көк туымыз биіктен желбіреп, сан мәрте Әнұранымыз шырқалды. Қазақ спортының әлеуеті арта түсті.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен саланы дамыту ісі жүйелі жалғасуда.

Жамбыл жерінің спортшылары да қашан да дүбірлі жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп, Әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиадалық ойындарда Қазақ елінің атын төрткүл дүниеге паш етіп келеді.

30 жылда Жамбыл облысы Олимпиада ойындарында 10 медаль иеленген.

Ағымдағы жылы облыс споршылары түрлі республикалық және халықаралық сайыстарда 1914 медаль жеңіп алса, оның ішінде 741 алтын, 562 күміс, 611 қола бар. Бүгінгі таңда 1121 спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше.

Біз әрдайым Олимпиада ойындарының жүлдегері Жақсылық Үшкемпіров, Ақжүрек Таңатаров,  Ермахан Ыбраймов, Болат Жұмаділов, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов, Ислам Байрамуковтар мен параолимпиада ойындарының жүлдегерлері Зульфия Габидуллина, Нұрдәулет Жұмағали секілді спортшыларымызбен және «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен кәсіпқой бокс аренасында табысты өнер көрсетіп жүрген Феруза Шариповалармен мақтанамыз.Осындай жүректі және білікті жастарымыздың саны арта берсін,-деген Бердібек Сапарбаев жергілкті биліктің басты мақсаты – спортпен айналысушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасау екенін атап өтті.

— Ауыл спортын қолдап, дамыту керекпіз. Нағыз таланттар ауылда жүр, тек оларға спортпен барынша шұғылдануы үшін жағдай жасап, аудандық, облыстық жарыстардан іріктеу қажет. Жамбыл бокс мектебінің данқын қайта жаңғыртатын жас боксшыларды дайыдап, шығаруға тиіспіз,-деді облыс әкімі.

Бұдан соң «Жыл үздігі – 2021»номинациялары табысталды. Паралимпиадалық спорт түрі бойынша «Үздік спортшы – 2021» номинациясымен марапатталған Токио Паралимпидасының жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға жаңа автокөліктің кілті табысталды.

“ЖЫЛ ҮЗДІГІ 2021” кімдер атанды?

1 «ҮЗДІК СПОРТТЫҚ КОМАНДА – 2021» номинациясымен «ТАРАЗ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ марапатталады.

(«Тараз» волейбол клубы» Ұлттық лигасының ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасы Кубогының иегері және Қазақстан Республикасының Супер Кубогының күміс жүлдегері атанды)

2 «ҮЗДІК СПОРТ КЛУБЫ – 2021» номинациясымен ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН «ӘУЛИЕ-АТА» КЛУБЫ марапатталады.

(Елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге аты әйгілі «Әулие-Ата» командасы көкпардан ересектер арасында ел чемпионатының 11 дүркін, жастар арасында 7 дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін өткен «Халықтар ойындарының» 3 дүркін, Ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальдің 3 дүркін және «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының 3 дүркін жеңімпазы, Тұңғыш ҚР федерациясы Кубогының иегері)

3 «ҮЗДІК ФЕДЕРАЦИЯ – 2021» номинациясымен «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БОДИБИЛЬДИНГ ЖӘНЕ ФИТНЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫ» марапатталады.

(Бодибильдингтен Жамбыл облысының құрама командасы Азия чемпионатынан 2 медаль,  Қазақстан чемпионатында 12 медаль және Қазақстан Кубогында 4 медаль иеленді, сонымен қатар, 2021 жылы Тараз қаласында бодибильдинг және фитнестен Қазақстан Республикасының чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізді)

4 «ҮЗДІК ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ – 2021» номинациясымен

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ №8 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ марапатталады. 

(Спорт мектебінде 10 спорт түрі бойынша 1734 спортшымен 52 жаттықтырушы жұмыс атқаруда. 2021 жылы Әлем чемпионаты мен Кубогында – 6 медаль, Азия чемпионатында – 12 медаль, ҚР чемпионаттары мен Кубоктарында — 87 медаль иеленген. Сонымен қатар, өткен жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңының 7 бабы, 43 тармақшасына сәйкес аудандық спорт мектептері арасынан бірінші болып «мамандандырылған» деген мәртебесін алды. Спорт мектебін Аслан Асықбекұлы Айтбеков басқарады)  

5 «ҮЗДІК АУДАНДЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ – 2021» номинациясымен  

МЕРКІ АУДАНЫНДАҒЫ №22 БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ марапатталады. 

(Спорт мектебінде 12 спорт түрі бойынша 780 спортшымен 23 жаттықтырушы жұмыс атқаруда. 2021 жылы Азия чемпионатында – 1 медаль, ҚР чемпионаттары мен Кубоктарында — 27 медаль,  облыс чемпионатында — 61 медаль иеленген. Спорт мектебін Дулат Маратұлы басқарады;  

6 «ҮЗДІК СПОРТ БӨЛІМІ – 2021» номинациясымен ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ марапатталады.

(Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ауданда салауатты өмір салтын насихаттауға, ауданның спорттық нысандарының санын арттыруға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және аудан тұрғындарының жүйелі түрде спортпен шұғылдануына бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. 2021 жылы ауданда барлығы 227 бұқаралық – спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс – шараларға 19 102 адам қамтылды. Бүгінгі күнге дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны  51 191 адамды немесе жалпы халықтың 35 % құрады. Ауданда 2020 жылы 5 дене шынықтыру – сауықтыру кешені қолданысқа берілсе, 2021 жылы 3 дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені қолданысқа берілді)

7 «ҮЗДІК СПОРТ МАМАНЫ – 2021» номинациясымен ДУЛАТ НАҒАШБЕКҰЛЫ ОСПАНОВ  марапатталады.

(Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы. Спорт бөлімінде 2013 жылдан бері қызмет атқаруда. Ауданда жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар қатары 18 538 адамды немесе ауыл тұрғындарының 35,0 пайызын құрады. Аудандағы бұқаралық спорттық іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуіне өзінің қомақты үлесін қосуда. Аудан деңгейінде алғаш рет үлкен теннистен аудандық турнирді ұйымдастырды. Қазақстан Барысы, Ақ Бидай, Аула ойындары, Көше ойындары, Президенттік тестілерде аудан командасы облыстық жарыстан командалық есепте жүлделі орындар иеленуде. Кіші футболдыан мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Республикалық турнирлердің қатысушысы)

8 «ҮЗДІК ӘДІСКЕР – 2021» номинациясымен ШЫНАР СӘКЕНҚЫЗЫ СӘМБЕТ марапатталады.

(Шынар Сәкенқызы №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері) 

9 «ҮЗДІК СПОРТ НҰСҚАУШЫ – 2021» номинациясымен МҰРАТ ДӘНЕБЕКҰЛЫ БОСТАНОВ  марапатталады.

(Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округінің спорт нұсқаушысы, ауылдық округте 2021 жылы әр түрлі деңгейдегі 61 спорттық іс шараларды жоғары дәрежеде ұйымдастырды, 12 спорттық іс-шара онлайн режимінде өткіді. 2021 жылы ауданда өткен негізгі спартакиадаларда Ботамойнақ ауылдық округінің командасы жалпы командалық есепте 3 мәрте жеңімпаз атанды, Ботамойнақ жастар командалары облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Ауылдық округте 2021 жылы спортпен шұғылданушылар қатары 2378 адамды немесе ауыл тұрғындарының 36,5 пайызын құрады;

10 «ҮЗДІК САУЫҚТЫРУ СПОРТ  КЕШЕНІ – 2021» номинациясымен ШУ АУДАНЫ, БЕЛБАСАР АУЫЛЫНДАҒЫ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ марапатталады.

(Шу ауданы, Белбасар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені демеушілер есебінен құрылысы жүргізіліп, 2019 жылы қолданысқа берілген. Жалпы құны 550 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған спорт кешені Шу ауданындағы №39 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгерімінде. Спорт кешенінің жалпы көлемі 2696 шаршы метрді құрайды. Кешенде еркін күрес, бокс, футзал, таеквондо және жаттығу залдары бар. Спорт кешенінің спортшыларды қабылдау қабілеттілігі тәулігіне 360 адамды құрайды. Қазіргі таңда аталған спорт кешенінде 481 спортшы шұғылдануда.)

11 «ҮЗДІК ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ – 2021» номинациясымен ӘЛІШЕР ХАНЫБЕКҰЛЫ ІЗТАЙ марапатталады.

(Әлішер Ханыбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы, жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына, ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілерге 1000 аса ақпарат жариялады.)

12 «ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ – 2021» номинациясымен ШӨПБАЙ БІРЖАН ШӨПБАЙҰЛЫ марапатталады.

(Қазақ күресінен өнер саңлақтары арасындағы «ӨНЕР БАРЫСЫ» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы)

13 Олимпиадалық спорт түрі бойынша «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2021» номинациясымен ҒАЛЫМЖАН ЖАМБЫЛБЕКҰЛЫ ЖЫЛГЕЛДИЕВ марапатталады.

(дзюдодан Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері,  Әлем чемпионы,  Токио олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметовтың жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы)

14 Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2021» номинациясымен НҰРҒАЛИ МАҚҰЛБЕКҰЛЫ НАУРЫЗБАЕВ марапатталады.

(кикбоксингтен Қазақстан Республикасы чемпионатының бес дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Дінмұхаммед Баймұратовтың жеке бапкері)

15 Ұлттық спорт түрі бойынша «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2021» номинациясымен ЕСЖАН СЕНБЕКҰЛЫ ҚҰРМАНБАЙ марапатталады.

(көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеті дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, ҚР федерациясы Кубогының иегері, «Алтын Тұғыр» сыйлығының 4 дүркін иегері, «Ғасыр көкпаршысы» Құрманбек Тұрғанбектің жеке бапкері)

16 Паралимпиадалық спорт түрі бойынша «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2021» номинациясымен САТТАР ЕРҒАЛИҰЛЫ БЕЙСЕМБАЕВ марапатталады.

(жүзуден Әлем Кубогінің Дүниежүзілік сериясының жеңімпазы, Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағалидың жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы )

17 «ҮЗДІК АУЫЛ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ – 2021» номинациясымен АБЗАЛ НҰРЛАНҰЛЫ ТӨЛЕЕВ марапатталады.

(грек-рим күресінен Венгрияда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Юсуп Ашраповтың жеке бапкері, Байзақ ауданы)

18 Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2021» номинациясымен ДІНМҰХАМЕД АРМАНҰЛЫ БАЙМҰРАТОВ марапатталады.

(кикбоксингтен Қазақстан Республикасы чемпионатының бес дүркін жеңімпазы, 2020 жылы Түркияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері,  биыл Италияда өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері)

19 Ұлттық спорт түрі бойынша «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2021» номинациясымен ҚҰРМАНБЕК ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ ТҰРҒАНБЕК марапатталады.

(көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеті дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, ҚР федерациясы Кубогының иегері, Қазақстанның Ұлттық спортының үздіктеріне берілетін «Алтын Тұғыр» сыйлығының 4 дүркін иегері, «Ғасыр көкпаршысы» атағының иегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері)

20 Олимпиадалық спорт түрі бойынша «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2021» номинациясымен ЕЛДОС БАҚТЫБАЙҰЛЫ СМЕТОВ марапатталады. 

(дзюдодан Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері,  Әлем чемпионы,  Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы, биыл Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері) 

21 Паралимпиадалық спорт түрі бойынша «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2021» номинациясымен НҰРДӘУЛЕТ МАҚСҰТҰЛЫ ЖҰМАҒАЛИ марапатталады.

(жүзуден Әлем Кубогінің Дүниежүзілік сериясының жеңімпазы, Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері)

Тегтер: Ақжүрек ТаңатаровБақтияр АртаевБолат ЖұмаділовЕЛДОС СМЕТОВЕрмахан ЫбраймовЖақсылық ҮшкемпіровИслам БайрамуковСапарбаевспортшылар
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты