Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Досымбаева Айман Медеубайқызы, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің төрағасы Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы, «Қазархеология» ЖШС директоры Смаилов Жұман Егінбайұлы, сондай-ақ, облыстың белді жоғары оқу орындары ғалымдары қатысты.
— «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрған ұлттық сарапшылар кеңесі Жамбыл облысынан «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» тізіміне 8 жалпыұлттық және 27 өңірлік деңгейдегі тарихи-мәдени нысандарды«қасиетті жерлер» тізіміні енгізді.
Атқарылған жұмыстарды жалғастыру мақсатында үстіміздегі жылы «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша «Әулиеатаның киелі жерлерінің» электронды картасын дайындау жобасы бекітілді — деп баяндады Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейтжан Ілияс.