Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған әкесі қызын зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталғандығы туралы хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасайды.
— «07.02.2018 жылғы сот үкімімен С. есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігі 5-тармағымен (Зорлау, яғни кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жыныстық қатынас жасау) кінәлі деп танылды, осы бап бойынша оны кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 12 (он екі) жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды. С. есімді азаматтың кінәсі толығымен объективті түрде жәбірленушінің, куәлердің, мамандардың, сарапшының айғақтарымен, сот-дәрігерлік, сот психолого-психиатриялық, сот психолого-криминалистикалық сараптаманың қорытындысымен, заттай дәлелдермен, процестік әрекеттердің хаттамаларымен дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ» — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.