• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

КЕНЕСАРЫ ХАН ҚАЗА ТАПҚАННАН КЕЙІН 15 БАТЫРДЫҢ ДЕНЕСІН ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖЕРЛЕГЕН КІМ?

09.07.2018
0
7
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақ — табиғатынан қарапайым, кешірімді, бір ауыз сөзге тоқтаған бекзада халық. Ұлтымыздың тарихы Қазақ хандығына дейін де болған, оған дәлел ретінде екі мың жылдан астам Тараз қаласын айта аламыз. «Тарихты білмей, өткенді, келешекті болжау мүмкін емес» деп ұлы ұстаз Әл-Фараби айтқандай өткенін танымаған адамнан келешекте өз Отанын шексіз сүйетін, оның игілігі үшін қызмет етуге әзір саналы ұрпақ шығады деу қиын.
Біреуі білсе, біреу білмейді. Бұл мәселе бойынша таңды таңға ұрып айтып, том-том қылып жазуға да болады және ол жазылып та жатыр. Қош, сонымен мен жақын арада Кенесары Қасымұлы ханның қаза болған жерін іздеп бардым. Елден естігенім бойынша, Қордай ауданы, Қаракемер ауылы мен Қарасай ауылының арасында қазақтың соңғы ханына арналған мемориал ескерткіш бар екен. Ескерткіш туралы сол жердің шырақшысы Бейбіт Тоқтарбайұлымен сұхбаттасқан болатынмын. Ендеше сол сұxбатты назарларыңызға ұсынамын.

— Мемориалдың неліктен бұл жерге орналасқанын айтып беріңізші.
— Бұл жердің иесі Қасымның ұлы Наурызбай атамыздан тараған Кенесары Наурызбай атамыздың ұлдары. Сондай-ақ осы жерге оның қызы Лебайдың ұлынан тараған Есембекқызы Айсара қазақ елінің 21 ханының басын көтеруде еңбегі ересен. Осы орайда, Лебай туралы айта кететін болсақ, ол атамызды Мамажан деген шапыраштылар 3 ай кезінен бағып-қағып өсірген. Наурызбай атамыздың бәйбішесі — Ақбөкен деген ана, Жанқожа атамыздың қарындасы да осы жерде. Ол кісі қожаның қызы, Есембекқызы Айсара осы анадан тараған. Айсара Есембекқызы бүгінде Алматы облысы Талғар ауданы, Бесқайнар ауылында тұрады. Бұл кісінің еңбегі зор. Тағы бір айта кететін жайт, мемориалға кіру үшін сол кісінің рұқсаты керек. Біздің үкіметке еш қатысымыз жоқ. Бұл жер – Ілияс Есенберлиннің кітабын оқысаңыз, Кекілік, Майтөбе деп келтіріледі. Мұны білетін қариялар қайтыс болып кеткен. Сондықтан аталған жердің кейбір құпиялары кейінгілерге жұмбақ болып қалып отыр. Аталған аумақта 500-дей қазақтың атақты батырлары мен жауынгерлері жатыр. Наурызбай ата, Мейіржан ата, Құдайберді ата – Кенесары Наурызбай атамыздың інілері болып келеді. Саржан, Садық ата мен Есенгелді атаның ұрпақтары. Ал ол кісілер киелі Таразда жерленген.

Шашыраған сүйектің барлығын жиыстырып, таудың етегінде Кенесары ханның басы шабылған Алмалы деген қырғыздың ауылынан 15 сұлтанды ұрлап әкеліп, жауынгерлерді бір жерге жерлеп, жаназасын шығарып кеткен атақты Шапырашты Саурық батыр болған.

Кенесары ханның сүйегі осыдан 11 жыл бұрын 2007 жылы 5-наурызда ел-жұртқа әкелінген. Орта жүздің жігіттері жиналып, сол шыққан үйдің адамымен сөйлесіп, қалай шықты, қалай аян берді, басын шабар кезде қандай аманат айтып кеткені жайлы қырғыздардан біліп, арнайы КТК, Хабар арналары шақырылды. Кенесары ханның сүйегі қазіргі таңда Талғар ауданы, Бесқайнар ауылында, өте қасиетті жерде жатыр. Айсара Есембекқызы сол жерде өзі шырақшы. Бірақ мұны әлі үкімет те халық та аса қатты мойындап, қол ұшын беріп отырған жоқ. Алла жазса ол кісінің басы мен денесі тексеріліп, бірігеді.
— Халық көп келеді ме бұл жерге?

— Халық аса көп келмейді. Уақыт өте келетін шығар, бірен-саран адамдар бар келіп жатқан.

— Кенесары атамыздың басы берілсе қазақтың рухы көтерілетін шығар?

— Иә, ел-жұрттың рухы көтеріледі. Елде береке болып, қазақ елінің жұлдызы жарқырайды. Ақ түйенің қарны жарылатын күн келсін деп Алладан тілеп, дұға жасап отырмыз. Қазақ елі не көрмеді? Отқа да түсті, суға да түсті, ашаршылықты да көрді. Енді қазақ елінің жұлдызы жарқырайтын уақыты жетті деп ойлаймын.

— Рахмет.















Фото автордікі.

Қанағат Рақым.

Тегтер: батыркенесарыкенесары қасымұлы. қазақтың соңғы ханыҚазақ хандығыҚаракемер ауылыҚарасай ауылыҚордай ауданыҚордай батырСаурықсаурық батыр
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

02.06.2025
Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.06.2025
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

02.06.2025
Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

02.06.2025
Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

Тоқаев «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

02.06.2025
Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

Еркін күрестен өткен турнирде төрт бірдей жүлде!

02.06.2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

Жеңістің 80 жылдығына арналған жекпе-жек!

02.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты