• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«Кейбір мектеп директорлары өздерін князь секілді сезінеді». Б. Сапарбаев білім беру қызметкерлерімен кездесті

23.02.2020
0
«Кейбір мектеп директорлары өздерін князь секілді сезінеді».  Б. Сапарбаев білім беру қызметкерлерімен кездесті
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп директорларын сынға алды.

                — Оқу орындарының кейбір басшылары «Менің мектебім», «менің ұстаздарым», «менің шәкірттерім» деген сияқты  тіркестерді  қолданып, өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп-мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы тұлғалар болуы тиіс, — деп атап өтті аймақ басшысы.

                Директорлар біртіндеп өздеріне керекті байланыстар арқылы өсіп отырады, ақыр соңында ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға алып келеді.

                — Жұмысқа орналастырғаны үшін директор мұғалімнен ақы алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім өз шығындарын ата — аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді, — деді облыс әкімі.

                Егер директор адал жұмыс істеп, мектептегі білім берудің тәртібі мен жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отырса, бұл жағдайда басшыны ауыстыру мәселесін жүргізу міндеттелмейді.

                Тәрбие негізі  отбасы және мектептен басталады, алайда соңғы уақытта осы әлеуметтік институттар арасындағы өзара байланыс үзілгендігі жиі айтылып жүр.

                — Ата-аналар комитеті іс жүзінде жұмыс істемейді, ал педагогтар инертті ұстанымға ие. Бала тәртіп бұзған жағдайда ата-аналарға шағымдана алмайды, — деді Бердібек Сапарбаев өз сөзінде.

                «Бір мектепте бір жыл ішінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің екі дерегі тіркелген. Бұған қалай жол беруге болады?» Аймақ басшысының бұл сұрағына Т. Рысқұлов аудандық білім беру бөлімі басшысы: «Директор жұмыстан босатылды, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде» деген  таптаурын жауаппен құтылды. Сонымен қатар, ата-аналардың осы ауданның мектептеріндегі мұғалімдерге қатысты шағымдары толастамай тұрғаны назар аударарлық дүние.

                Облыстың 40 мың педагогының алдындағы басты үш міндетті атаған аймақ басшысы  білім, тәрбие және тәртіп беру жұмыстарын  күшейтуді тапсырды.

                Айта кету керек, бұл сала бойынша жетістіктер де жоқ емес, ол туралы салалық басқарма басшысының м.а. Жәмиля Бекбатырова баяндады. Айталық, 1891 мұғалім республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы атанса, облыс оқушылары пәндік олимпиадаларда 132 медальға қол жеткізген. Осы орайда өңірдің 10 мектебі республика бойынша 100 үздік мектеп қатарына еніп отыр.

                Облыс әкімі Масаншы ауылындағы мектептердің бірінен он жыл бойы бірде-бір «Алтын белгі»  немесе Үздік аттестат иегері шықпағанын, тек бір ғана түлектің ЖОО-на грантқа қол жеткізгеніне назар аудартты. Міне, Қордай оқиғаның түпкі себебін осыдан іздеу керек. Бұл сапалы білім мен жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерден алшақтау, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетері сөзсіз.

                —  Кейінгі кездері мұғалім үшін ең басты мақсат – көп сағат алу. Тезірек сабағын беріп, үйге кетуге асығады. Ал балалардың сапалы білім алуы үшін кім жауапты? Дұрыс тәрбие мен білімге ден қоймаған жеткіншектер түрлі құқық бұзушылықтар жасайды! Біз бұл орайда ұлттық дәстүрлерді, дала философиясын, Абай мен Шәкәрім еңбектерін негізге алу керекпіз, — деді білім беру ардагері Камилаш Ахметова.

                Өз кезегінде Ж. Бекбатырова негізгі мәселе ретінде педагогтардың біліктілігінің төмендігін атап өтіп,  сырттай бөлімде оқу оқып, диплом алатындардың жайына назар аудартты. Сонымен қатар, өңірдегі оқу орындарында 100-ден астам мектеп инспекторлары жетіспейтіндігі айтылды.

                Бердібек Сапарбаев мемлекет мұғалімдердің әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсарту бойынша маңызды қадамдар жасап жатқанын, ал олардан қоғам сапалы білім беруді талап етіп отырғанын тағы да атап өтті. Мектеп рейтингтерін құрудың маңыздылығы, мұғалімдердің кәсіби өсуге дең қоюуы, заманауи әдістемелерді енгізу, жаһандану жағдайында жаңаша ойлана  білу жайы айрықша ескерілді.

                Аймақ басшысы спорт залдары мен білім беру және Мәдениет нысандары барлық жергілікті тұрғындар үшін,  әсіресе жастар үшін  қолжетімді болу керектігін баса айтты.

                Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі аймақтың барлық оқу орындарына таралуы тиіс, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кәсіпорындардың өтінімдері бойынша тек еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды ғана дайындауға міндеттелуі қажет.

                Кездесуді қорытындылаған Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларды  БАҚ пен әлеуметтік желілердегі сыни ескертулерге жедел әрі мұқият ден қоюға шақырды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты