Ағымдағы жылғы 21 мамырда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі Төтенше Жағдайлар басқармасымен бірлесіп жергілікті атқарушы органдарын қатыстыра отырып, қала көшелерінде өрт сөндіру көлігінің оқиға орынына кедергісіз жетуі бойынша рейд жүргізді.
Себебі,аз ғана уақыт ішінде өрт сөндірушілер қоңырау түскен жерге бару қажет. Өрт сөндіру көліктері қала көшелерімен оқиға орынына жүйіткиді, осыдан олар қаншалықты тез жетуі, адам өміріне байланысты. Кейде бәрін тек минуттар ғана емес – секундар шешеді, дегенмен оқиға орынына барар жолда бөгеттер (бетон плиталар, жолға қағылған темір қазықтар және т.б.) кедергі келтіреді. Осылайша қиындыққа тап болған жанды құтқаруда мүмкіндік айтарлықтай азаяды.
Шара барысында бетон плиталар, түрлі бөгеттердің жөнсіз қойылғандығы анықталып, сол жерлерде техниканы қолдана отырып барлық құрылыстар жойылып, тұрғындармен профилактикалық тұрғыда әңгімелер жүргізілді
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі облыс тұрғындарын өз бетінше әр түрлі бөгеттерді орнатпауға өтінде. Көмек әр кімге қажет. Кей адамдардың немқұрайлығынан және жауапсыздығынан көмекке мұқтаж жандардың зардап шегуіне жол бермеу қажет.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесі
8(7262)34-86-09