Алғашқы күні қазақ күресінен 56 келіде Рауза Нұрмахамметова «алтын» мен «Кураш» түрінен 81 келіге дейін Бекәділ Шәймерден 3 орын алған болатын.
Кураш спорт түрі бойынша 60 келіде Сүлеймен Ернұр, 66 келі салмақта белдескен Айбек Қазақбаев және 73 келіде боз кілемге көтерілген Нұрдін Шаймерден, 73 келіде Әділет Ахметғалида жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Сондай-ақ, айта кетерлік жайт Түрік халқының ұлттық ойындарының бірі ашыртмалы аба гюрешинен 60 келі салмақтағы Ернұр Сүлеймен мен 70 келі салмақта белдескен Әділет Ахметғали сынды балуандарымыз қос күрес түрінде бақ сынап күміс жүлдеге ие болды.
Көкпардан ұлттық құрама сапында айтулы аламанда ел намысын әулиеатаның Құрманбай Есжан, Тұрғанбек Құрманбек, Тоғайбаев Құлажан, Мәлімбай Ернат, Асыл Елдос, Ернар Жарылқасын сынды спортшылары қорғап чемпион атанса, көкбөрү сайысында ел қүрамасы сапында Ислам Рәт және Айнабек Бердіқұлов күміс медаль иеленді.
Дүние жүзілік көшпенділер ойынында ителгі құсы сайысында жамбылдық Бабажан Бағдәулет үшінші орынға табан тіреді.
Дүние жүзілік көшпенділер ойынында ителгі құсы сайысында жамбылдық Бабажан Бағдәулет үшінші орынға табан тіреді.
8-13 қыркүйек арасында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті. 89 ел қатысып, 33 ел жүлделі елдеріне қайтты.
Кесте: