Күн қанша ыстық болғанымен, қоғамдық көліктерге, сауда үйлеріне, жабық базарларға және т. б. кірер алдында медициналық бетпердені кию — маңызды.
Жаздың басында ДДҰ жаңа коронавирустық инфекция пандемиясының 3-ші толқынының басталғанын жариялады.
2021 жылдың маусым айында әлемде жұқтыру оқиғаларының саны шамамен 4,2 миллионға артты. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш: сәуірде өсім — 2,2 млн., мамырда — 2,8 млн. адамды құраған.
Жамбыл облысында 2021 жылдың шілде айының басымен салыстырғанда, аурушаңдық 27-ден 247 (9,1 есе) жағдайға дейін өсті. Қорғаныс бетперделерін кию — инфекцияның таралуымен күресудің және адамдардың өмірін сақтап қалудың негізгі шараларының бірі болып табылады.
Қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын жерлерде, айналадағылармен кемінде 1,5 метр қашықтықта болу мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ нашар желдетілетін не желдетілмейтін үй-жайларда қорғаныс бетперделерін кию керек.
Бұл ереже вакцинацияланған азаматтарға да қатысты, өйткені жұқтырған адаммен байланыста болған жағдайда олар инфекцияның тасымалдаушысы бола алады.
Құрметті жамбылдықтар! Қорғаныс құралдарын пайдаланыңыздар, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар, тойларға, туған күндерге және т. б. барудан бас тартыңыздар.
Бетіңізді қолыңызбен ұстамаңыз (көз, ауыз, мұрын), қолыңызды антисептиктермен өндеңіз, сабынмен жуыңыз. Есіңізде болсын! Осы кезеңдегі жалғыз қорғаныс шарасы — вакцинация. Өзіңізді және басқаларды қорғаңыз!
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі