• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Күнәхардың дұғасы қабыл болмайды ма?

08.05.2021
0
Намаздан кейінгі дұға және тәсбих
819
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сұрақ: Күнәхардың дұғасы қабыл болмайды ма?

Жауап: Күнәхар мұсылманның дұғасы қабыл болуға лайықты болмаса да, Аллаһу та’ала дұға етушінің қолын бос қайтармайды. Дұға себебімен не күнәлары кешіріледі, не келетін бір пәлекеттің алдын алады, не басындағы бір пәлекеттен құтылады, не ахиретте үлкен сауаптарға қауышады. (Шир’а)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Раббыларың жомарт, жайылған қолды бос қайтаруға ұялады, жасалған дұғаны қабыл етеді.» (Тирмизи)

«Аллаһу та’ала дұғаларыңды қабыл етеді. «Дұға еттім, дұғам әлі қабыл болмады» деп асықпаңдар! Аллаһтан көп сұраңдар! Өйткені жомарттық иесінен сұрап жатырсыңдар.» (Бұхари)

«Дұға етушінің не күнәсі кешіріледі, не бірден қайырлы қайтарымын көреді, не ахиретте марапатын алады.» (Дәйләми)

Аллаһу та’ала қияметте дұғасы дүниеде қабыл етілмеген құлға «Дүниеде жасаған дұғаңа жауап ретінде мына сауаптарды бердім» дейді, көп сауап берілетіні соншалық, әлгі адам «Әттең, дүниеде ешбір дұғам қабыл болмағанда ғой» дейді. (Т.Ғафилин)

Күнәға батқан адамның дүниелік істерге қатысты дұғасының қабыл болуы, тілектеріне қол жеткізуі ол үшін зиянды болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүмин дұға еткен кезде Аллаһу та’ала Жәбірейіл алейһиссаламға «Тілегін бірден орындама, мен оның дауысын жақсы көремін» дейді. Күнәхар дұға еткен кезде «Оның тілегін тез орында, мен оның дауысын жақтырмаймын» дейді.» (Ибн Нәжжар)

«Кәпірдің дұғасының тез қабыл болуының, ал мүминнің дұғасының кешігуінің себебін қызығып сұраған періштелерге Аллаһу та’ала айтады: «Мен кәпірге және дауысына ашуланамын. Мені еске алмасын, маған дұға етпесін деп тілегін дереу орындаймын. Ал мүминді және оның жалбарынуын жақсы көремін. Менен және мені еске алудан ұзақ қалмасын деп тілектерін кешіктіріп орындаймын.»» (Рамуз)

Сүйікті құлдарды арашы қылу керек

Тілекке қауышу үшін екі рәкат намаз оқып, сауабын Силсилә-и алийа деп аталатын ғалымдардың рухына бағыштау керек, олардың құрметі үшін деп дұға ету қажет. Мысалы, «Йа, Раббым, қайырлы перзент нәсіп ет» деп дұға етіп, «Бұл дұғамды Силсилә-и алийа ғұламалары құрметіне қабыл ете гөр» деу керек. (Мәкатиб-и шәрифа)

Таң және құптан намаздарынан соң Силсилә-и алийаның есімдерін, кейін Фатиха оқып, олардың рухтарына бағыштап, оларды арашы қылып жасалған дұға қабыл болады. Тәжірибе жасалған.

Әли Рамитани хазреттері айтқан:

«Күнә істемеген тілмен дұға етіңдер, қабыл болсын!» Яғни Аллаһ достарының алдында қарапайым болыңдар, жалбарыныңдар, сендер үшін дұға етсін. Истиғаса, яғни бір әулиені тәуәссул ету дегеніміз осы.

(Иса алейһиссаламға адамдар келіп: «Сіз дұға етесіз, науқастар емсіз жазылып кетеді. Сіз қай дұғаны оқисыз, бізге айтасыз ба?» деп сұрайды. Иса алейһиссалам оларға оқитын дұғасын үйретеді. Адамдар біраз уақыттан кейін тағы келіп: «Үйреткен дұғаңызды қайта-қайта оқып жатырмыз, ештеңе өзгермеді, бізге қате дұға үйреткен жоқсыз ба?» деп сұрайды. Сонда Иса алейһиссалам: «Дұға дұрыс, бірақ дұға еткен ауыз дұрыс емес» деп жауап береді, яғни «Дұрыс дұға үйреттім, дұға бірдей, бірақ оқып жатқан ауыз бірдей емес!»)

ДЕРЕККӨЗ: https://www.islamdini.kz/articles/1953 

Тегтер: Дұғалар
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

17.06.2025
Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

17.06.2025
Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Олжас Бектенов пен Qingdao Wanlin Food басшысы АӨК өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысын талқылады

Олжас Бектенов пен Qingdao Wanlin Food басшысы АӨК өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысын талқылады

17.06.2025
Қазақстан Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тартпақ

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тартпақ

17.06.2025
Тағы бір облыстың екі ауылы ішімдіктен бас тартты

Тағы бір облыстың екі ауылы ішімдіктен бас тартты

17.06.2025
Жамбылда қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды

Жамбылда қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды

17.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский