Бұгін ҚР Президенті жанынндағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков «Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін цифрландыру туралы» тақырыбында брифинг өткізді.
Брифингте спикер аталған тақырып бойынша баяндама жасап, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Спикерге Turaninfo.kz ақпарат агенттігі екі сауал жолдап, жауап алды.
— Қылмыстық атқару жүйесіндегі парақорлық туралы айтып кетсеңіз…
— Парақорлық және сыбайлас жемқорлық деректерінің болмауы бойынша біз құзырлы мекемелермен және өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жан-жақты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл қылмыстық атқару жүйесіндегі біріншік кезектегі мәселе. Егер сыбайлас жемқорлық болмаса бізде тәртіп те, басқасы да болады. Біз мұны сатқындық деп есептейміз. Сол себепті осы бағыттағы жұмысты біз қазіргі таңда тоқтаусыз жүргізіп жатырмыз. Ары қарай мұндайды болдырмау мақсатында жұмысты жандандырамыз, — деп жауап берді баяндамашы.
— Тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынған азамат 11 сынып аяқтағаны туралы аттестатын қалай алады? Ол бала 11 сынып оқып жүріп қылмыс жасаған болса да орта білім бойынша аттестат алуы міндетті. Осы мәселе шешімсіз қалып отыр.
— Оқушы бала қылмыс жасап біздің жүйеге түсетін болса тергеу изоляторына түседі. Қылмысы қаралып, үкім шығып, мекемеге жолданады. Республикада біздің кәмелетке толмағандарды ұстайтын 45 мекемеміз бар. Ол мекемелерде мектеп бар. Ол өзінің оқуын сол мекемеде жалғастырады,- дейді спикер.