• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Күйеуім мені ұрады…

05.12.2017
0
Күйеуім мені ұрады…
693
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Күйеуім мені ұрады…

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Ислам діні – халқымыздың асыл қазынасы болып табылады. Дініміздің құндылықтары сана-сезіммен, салт-дәстүрімізбен астасып жатыр. Қазақ халқы ислам дінін берік ұстанған халық. Біздің халқымыз қыз баланы ерте бастан тәрбиелегенде ибалы болуға, үлкенді сыйлауға, әдептен аспауға, салт- дәстүрді сақтауға үйреткен. Қыз баласының тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген.
Қыз баласы болашақ ана отбасы қамқоршысы болғандықтан оның орны бөлек тұрған. Ата-бабамыз қандай мәселе болмасын шариғат шеңберінен шықпаған. Пайғамбарда (с.а.с) барлық адамзат үшін көркем үлгі өнеге бар және қалдырған өсиеттері бар. Барлық жақсылық Алла сөзі Құранда және сүннетте. Алла Тағала «Сендерге Алла және Ақирет күніне үміт ететіндер әрі Алланы көп еске алатындарға Алланың елшісінде көркем үгі өнеге бар» — деген. Алла әйел мен ер кісінің қарым-қатынасын кемел дәрежеге жеткізген. Ер кісіге үстемдік берген Құранда «Ер адамдар әйелдерді Алла оларға бір-бірінен артықшылық бергені себепті басқарады» -деген. (Ән-Ниса сүресі 34- аят).
Ер кісіге шариғат шеңберінде әйелді дініңде берік болу, Пайғамбар (с.а.с) өсиетін ұстана отырып тәрбиелеу құқығы берілген. Құранда Алла тағала «Ал, өздерін бағынбауынан қорыққан әйелдеріңе насихат айтыңдар, оларды төсектерінде /бір уақыт/ тастап қойындар және оларды /батырмай/ ұрыңдар, ал егер бағынса, оларға қарсы жол іздемеңдер. Ақиқатында, Алла аса Жоғары өте Үлкен» — деген. Пайғамбар (с.а.с) хадисінде «Әйелдерің үшін Алладан қорқыңдар сендер оны Алла алдында аманатқа алдыңдар» — деген.
Жоғарыдағы аятқа қатысты толығырақ тоқталып өтетін болсақ, тәпсірде аятты былай түсіндіреді. «Егер әйелі күйеуін тыңдамай шектен шығатын болса, онда күйеуі тәрбиелік шараларды жүргізуі керек. Алдымен, оған аса ұлы Алланның бойұсынушы әйелдерге арнаған сыйы және бой ұсынбаушы әйелдерге арнаған жазасы жайлы насихат айтуы керек. Егер әйел оны қабылдамаса, онда төсек қатынасынан тыйылып, ол бет бұрғанша онымен бір төсекте болмауы керек. Бұл шарада өз әсерін бермесе, онда күйеуі әйелін жапа шектірмей жанына батпайтыңдай етіп, «құр сес көрсетіп» ұруына рұқсат етіледі. Әрі әйелі бетінен қайтып күйеуіне бағынған кезде, күйеуі өткен істері үшін әйелін жазғырмауы керек. Себебі, өткен теріс істерді еске алып, ойда сақтау қайғы мен жамандықтың туыңдауына себеп болады». Сондықтан ұру емес насихат айту жолымен тәрбиелеу керектігі айтылады. Себебі, күллі адамзат баласына көркем үлгі өнеге болған Алла елшісі (с.а.с) қолымен еш нәрсені ешқашан ұрмаған.
Айша анамыздан (р.а) жеткен хадисте: «Алла елшісі (с.а.с) қызметші болсын әйел болсын ешқашан ешнәрсені қолымен ұрмаған» — деген. Пайғамбар (с.а.с) «Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңе жақсы қарағандарың» — деген. Ата-бабаларымыз осы жолды ұстанған. Қоғамымызда еш нәрсенің байбына бармай себепсізден әйелдерін ұрып соғатын еркектер кездеседі. Шариғатта жазықсыз ешкімді ұруға болмайды.
Алла елшісі (с.а.с) жазықсыз жануарларды да ұруға тыйым салған «Ахзап» сүресінде Алла Тағала: «Ал, иманды ерлерді және иманды әйелдерді жазықсыз түрде ренжіткендер жала мен анық қүнәні арқалайды» -деген жіне басқа сүреде «Сондай-ақ олар мен құпталғанға сай жақсы қарым-қатынас жасаңдар» -деген.
Ата –бабамыздан келе жатқан айнымас қасиетіміз ең алдымен әйелдеріміздің ибалығы, обал –сауапты біліуі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі. Алла тағаладан қорқу – асыл дініміздің негізі. Асыл дініміз нені үйретеді дегенде, ең алдымен жетім-жесірдің ақысын жемеу, аманатқа қиянат жасамау, ешкімге жәбір көрсетпеу. Ер кісінің әйелде хақысы бар сияқты әйелдің де ер кісіде хақысы бар.
Алла Тағала Құранда: «Ерлердің әйелдеріндегі хақылары сияқты, әйелдердің де ерлерінде белгілі хақылары бар» — деген. (Бақара сүресі, 228-аят). Хадистен келтіретін болсақ: Алла елшісі (с.а.с): «Шын мәнінде, әйелдеріңнің алдында тиісті міндеттерің бар» — деген. (Тирмизи, 1163). Мағауия ибн Хайда дан (р.а) жеткен хадисте: «Мен, «Я, Алла елшісі (с.а.с)! Әйелдерімізге қатысты бізге не нәрсе мідеттелінді?» — деп сұрағанымда, Ол (с.а.с): «Өзің жегеніңнен жегізу, өзің кигеніңді кигізу. Бетінен ұрма, балағаттап жаман сөз айтпа. Үйіңнен тыс орында даусыңды көтеріп ұрыспа!» — деген. Міне, бұл хадисте әйеліне қол көтеріп ұрып-соғудан, ауыр сөздер айтып ренжітуден, дауыс көтеріп кіжінуден қайтарған. Өкінішке орай, қоғамымызда түрлі жағдайлар болып жатады. Кейбір «еркектер» бар от басына материялдық немесе рухани тұрғыдан тәрбиелеу былай тұрсын, үйінде отырып, әйеліне қол көтеріп, үй ішінің шырқын бұзады.
Сөз соңында Алланың сүйікті елшісі (с.а.с) әйелдерімен қандай қарым қатынас жасағанын келтірейік. Алла елшісі (с.а.с) әйелдеріне әділ болған, ешқашан қол көтермеген, бір нәрсені уәде етсе орындаған. Жақсы аттар мен атап, әйелінің алдында сөзімен де, ісімен де, жан дүниесімен де жан-жақты болған. Ұлттық тәрбие мен діни білімімізді дұрыс жолға қойсақ, қоғамымыздағы от басындағы көптеген келеңсіздіктер орын алмас еді.

Бауыржан НҮСИПБЕК
«Үлкен Сұлутөр» мешітінің имамы

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты