Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысымен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастыруымен «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» жобасы аясында Сарысу ауданындағы өмірлік қиын жағдайға түскендерді, мемлекеттік бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар мен босатылған азаматтармен бейімдеу және т.б. тұрғыда сауалнама жүргізу барысында, Провация қызметінің есебінде тұрған азамат, ІІ топтағы мүгедек, 1954 жылы туған «А» есімді медициналық көмек керек екені анықталды. 24.06.2025 ж«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі жедел ұйымдастырып, аудандық орталық ауруханасынан жеке медициналық сараптамадан өтуіне жәрдем берілді. Медициналық сараптаманың негізінде Тараз қаласында орналасқан Облыстық ауруханаға жолдама берілді. Бірлестік қаражатымен облыс орталығына жеткізетін көлік ұйымдастырылып, облыстық орталық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ барлық құжаттарының рәсімделуіне көмек көрсетілді. Қазіргі таңда облыстық ауруханада ем қабылдауда.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.