• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Үйлестіру кеңесінің отырысында Жамбыл облысындағы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

08.05.2020
0
Үйлестіру кеңесінің отырысында Жамбыл облысындағы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
284
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жерді тиімді пайдалануға және игерусіз жатқан жерлерді ауылшаруашылық айналымына қайтаруға ерекше назар аударып келеді.

Дәл осы жер мәселесі мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімділігі облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысы барысында жан-жақты сараланды.

Алғаш рет көшпелі форматта Меркі ауданы әкімдігінде өткен кеңеске аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров төрағалық етті. Сондай-ақ, оған облыстық соттың төрағасы Ербол Ахметжанов, ҰҚК департаментінің басшысы Марат Ирменов және полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов қатысты.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың пайдаланусыз жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару бойынша жұмысы сын көтермейтіндігі атап өтілді.

Облыстық прокуратура органдарымен кадастрлық құны 3,7 млрд.теңге, ауданы 350 мың гектар болатын пайдаланылмай жатқан 2 мыңнан астам жер телімдері анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде көлемі 210 мың гектарды, кадастрлық құны 1,9 млрд.теңгені құрайтын 1000-нан астам жер телімдерін игеру қамтамасыз етілген. Игерілмеген жер аумақтарының тізілімі құрылып, 383 жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабына сәйкес жер учаскелерін пайдалану туралы нұсқамалар таратылған.

— Пайдаланусыз жатқан жерлерді қайтару бойынша барлық іс-шаралар және басқа да мәселелер тек заңнамалық негізде шешілуі тиіс. Жер инспекциясының басты міндеті — жердің тиімді пайдаланылуын бақылау. Олардың жұмысы осыған сәйкес бағаланатын болады, — деді облыс әкімі.

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруде бірқатар мәселелер бар. Малы жоқтардың жайылымдық жерлерді жалға алуы да кездеседі. Нұрғалым Әбдіров атап өткендей, шаруа қожалықтарының 55 пайызы өз малдарын тіркеуден өткізбеген. Осы орайда асты сызылып аталатын Байзақ, Жамбыл және Қордай аудандарының әкімдерінен бейнебайланыс арқылы жауаптар алынды.

— Қордай ауылдарындағы барлық ғимараттарды ретке келтіру керек. Сондықтан құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасаңыз, — деді аймақ басшысы Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулетке.

Басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылай келе, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров есірткі бизнесі қоғамның дамуына едәуір кері әсерін тигізіп, қылмыс пен зорлық-зомбылықтың өсуіне ықпал ететінін атап өтті. Есірткіге тәуелділердің саны жыл сайын көбеюде десек, ағымдағы жылы оның 5,3 пайызға артқаны соның дәлелі.

Жабайы сораның ауқымды аумақта өсуі, есірткі құралдарының контрабандасы мен транзиті аса өзекті болып отыр. Бұл күрес жұмыстарын күшейтуді талап ететіндігін айтпасақ та түсінікті.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков екі эксперименттік алқапта сораға қарсы жаңа улы химикаттарды сынап жатқандықтарын жеткізді. Алайда, кең көлемде пайдалану үшін оның адамдар мен малға зиянсыздығы туралы экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы қажет.

Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков бұл орайда  жер жыртудың тиімсіздігін слайдттар арқылы көрсетіп, қопсытылған аумақта құрамында есірткі бар шөптер тіпті қаулап өсе түсетінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жиын барысында бұл бағыттағы өзге де көптеген мәселелер мен кемшіліктер талқыланып, үйлесімді шаралар мен тиімді өзара іс-қимылдардың маңыздылығы көңіл бөлінді. Жұмысты жүйелей түсу үшін нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарлама қабылданатын болды. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау және арнайы органдар, сондай-ақ басқа да мүдделі орындар арасында бірлескен шаралар әзірленбек.

Жағдайды түзету үшін облыс прокуроры құқық қорғау және арнайы органдарға қылмыстың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастыру барысын қайта қарауды тапсырды. Ал жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жер саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды.

— Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесінде әкімдіктер қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, өз ойларын мен ұсыныстарын ортаға салуы керек. Әзірге уақыт бар кезде, жердің әрбір шоғырын пайдалана отырып, егіс жұмыстарын жалғастыру керек. «Көктемнің бір күні – жылға азық». Біз осыны ұмытпағанымыз абзал. Игерусіз жатқан жерді қайтару, «қызыл сызық» нормаларын бұзу фактілерін анықтау және оларды жою, жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік желілерді тартуға қамқорлық танытудың аса маңызды екенін ұмытпаңыздар. Жайылымды пайдалануға берер алдында шаруашылықтың малы бар екеніне көз жеткізіп, белгіленген стандартқа сәйкес ауданды анықтау қажет.

Есірткі бизнесіне қарсы күресте жауапты құрылымдардың бірлесе жұмыс істеуі әлі де кемшін соғуда. Есірткінің әсіресе жастар арасында таралуы – біздің ортақ қасіретіміз, сондықтан оны бірге жеңуге міндеттіміз. Мен атты патрульдер санын арттыруды қолдаймын, «Көкнәр 2020» операциясы жоғары деңгейде өтуі керек. Есірткі дайындауға және таратуға қатаң тосқауыл қою қажет. Қырғыз Республикасымен шекарадағы бақылау-өткізу пункттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту талап етіледі, — деп қорытындылады облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

24.06.2025
Теңге нығая түсті

Теңге нығая түсті

24.06.2025
Шуда кадрлық ауыс түйістер орын алды

Шуда кадрлық ауыс түйістер орын алды

24.06.2025
ұшақ

Қазақстандық әуекомпаниялар қай елдерге рейстерді тоқтатты?

24.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

24.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Түркияда 4,5 баллға дейінгі жер сілкінісі орын алды

24.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысын өткізді

24.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты