Бір данышпан «Әлемді, жерді жап-жарық етіп отыратын екі нәрсе бар. Біреуі-Күн, екіншісі-әйел»,-депті. Расында, дүниеге ұрпақ әкеліп, баласының жай-күйін жасайтын — әйел. Жолдасының ас-ауқатын дайындап, жұмысына шығарып салатын, қас-қабағын бағып, жағдайын қамдайтын — әйел. «Ер — азаматыммен бірге көремін» десе де, бар қиыншылыққа бір өзі төтеп беретін — әйел. Сырты күліп тұрса да, іші жылап тұратын-әйел… Әйелдің қырық жаны бар. Біреуі сөнсе, екіншісі жанып тұрады. Әйел — өмірдің гүлі. Әйел-ана. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін де осы аяулы жандар. Әйел — сұлулықтың символы. Ал сұлулық дүниені құтқарады. Алда келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Мереке қарсаңында «өмірдің гүлдері» хақында афоризмдер мен қызықты пікірлерді назарларыңызға ұсынып отырмыз:
1. Әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында әйелдің шексіз маxаббаты тұрады. Әрбір жетістікке жеткен әйелдің артында бір еркектің сатқындығы бар.
2. Ұсқынсыз әйел болмайды. Тек еріншек әйел болады. Коко Шанель
3. Әйел қандай іске араласса да, арты жақсылықпен аяқталады. Мен оған сенімдімін. Өйткені әйел — әлемді басқарады. Габриэль Гарсиа Маркес
4. Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді. Ғабит Мүсірепов
5. Заман қартайтқан әйелге — бояну айып емес. Маxмұт Қашқари
6. Іскер әйел-жаман еркекті орташа, орташа еркекті — жақсы, ал жақсы еркекті — жынды қылып жібереді. Қадыр Мырза Әли
7. Әйелдерді сөйлетудің миллион түрлі тәсілі бар, бірақ сөйлетпеудің ешқандай тәсілі жоқ…
8. Әйелге әмірін жүргізе білген — мемлекетті де басқара алады. Бальзак
9. Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді. Бауыржан Момышұлы
10. Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруға тырысады… Ғабит Мүсірепов