Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен, атап айтқанда, 51 баб. үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативінің қызметін тоқтатылуы қарастырылған, осылай үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi мынадай жағдайларда:
1) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған ретте;
2) кондоминиум объектiсiн басқарудың басқа нысанына көшу туралы үй-жайлар иелерiнiң қабылдаған шешiмi бойынша;
3) өрт, жер сiлкiнiсi немесе өзге де зiлзалалар салдарынан үйдiң елу проценттен астамы зақымдалған (қираған) жағдайда тұрғынжайдың зақымдалған (қираған) бөлiгiн қалпына келтiрмеу жөнiнде үй-жайлар иелерiнiң қабылданған шешiмi бойынша;
4) кондоминиумды тоқтатқан ретте тоқтатылуы мүмкiн.
- Кооперативтi тоқтатқан ретте оның борыштарды өтегеннен кейiн қалған мүлкi, егер меншiк иелерiнiң арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерiнiң арасында олардың ортақ мүлiктегi үлестерiне мөлшерлi бөлiнедi.
- Кооперативтiң тоқтатылуы оның құрылуы сияқты тiркеледi.
Жамбыл облысы
Әділет департаменті
Коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің
бас маманы Д. Султанбеков