Өз кезегінде бұл сот үшін де, сотқа арызбен жүгінушілер үшін де өте қолайлы, себебі олардың көп уақытын алмайды, арыз дер кезінде түсіп, бірден тіркеуге алады. Тіркелмей қалып қалу деген факті мүмкін емес. Бұл туралы Жамбыл облыстық өңірлік өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Әкетаев хабарлады.
«Алайда, бұл біздегі жаңа бағыт болғандықтан аздап кемшіліктер де бар. Мысалы, іс бойынша сотқа тараптар табыстаған дәлелдемелер толық «Төрелік» базасына енгізілмейді, енгізілген құжаттардың сканерлік көшірмелерінің сапасы өте нашар. Бұл кемшіліктер азаматтардың құқықтарына тікелей нұқсан келтірмейді», — деді Ардақ Аманжолұлы.