Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында аталған мекеменің басшысы Айбол Қарашевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер мекеменің 2019 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту, мемлекеттің жұмысы туралы қоғамға толық ақпарат беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында тығыз байланыс орнату бағытында жұмыс атқарып келеді.
2019 жылдың 17 қаңтарында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековпен жыл соңына дейін жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен 134 баспасөз конференциялар кестесі бекітілді.
Жыл басынан бері «Өңірлік коммункациялар қызметінің» алаңында БАҚ өкілдерімен 85 баспасөз конференция өткізіліп, онда 165 спикер баяндама жасады. Жоспарға сай 42, жоспардан тыс 43 жиын ұйымдастырылды.
Жамбыл облысының имиджін көтеру мақсатында әлеуметтік желіде әр түрлі тақырыптағы ақпараттық бейнеролик пен инфографикалар жариялануда.
Баспасөз конференциялардың барлығы Өңірлік коммуникациялар қызметінің фейсбук, вконтакте, инстаграм секілді әлеуметтік желі парақшаларында сан алуан түрлі тақырыптарда бірнеше материалдар жарияланып, тікелей эфирде көрсетілуде.
Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттеу бөлімі қоғамдық пікірді диагностикалау шеңберінде 2019 жылдың наурыз және мамыр айларында ӨҚҚ мониторингінің бірыңғай әдіснамасы бағдарламасы бойынша өңірдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерделеу бойынша 2 әлеуметтік зерттеу жүргізді. Жалпы алғанда әлеуметтік сауалнамалармен жеке сұхбат форматында 2000 адам қамтылды.
Күн сайын электронды және баспа (республикалық және өңірлік), Интернет-сайттар мен порталдар (республикалық және өңірлік) бұқаралық ақпарат құралдарының 46 негізгі бағыт бойынша облыстық медиа-жоспардың өңірде елдің түрлі бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының, сондай-ақ салалық және өңірлік бағдарламалардың іске асырылу барысын жариялауға қатысты орындалуына тұрақты мониторинг ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19 штаттық бірліктен 3 бөлім жұмыс жасайды. «Өңірлік коммуникациялар қызметі», «Әлеуметтік ахуалды зерттеу» бөлімдері және жаңадан ашылған «Әлеуметтік медианы талдау және болжау» бөлімі.