Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыс филиалы ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өткен жиында облыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы таныстырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Бұл – процестердің ашық болмауы, әкімшілік кедергілердің болуы, шенеуніктердің асықпауы немесе озбырлығы, заңнаманы жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын көкейкесті мәселелердің тізбесі көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасы өңірде әлеуметтік-маңызды проблемалар негізінде әзірленді. Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына халықтың әл-ауқатын жақсартуда рөл атқаратын салалар енгізілді: «жолдар мен инфрақұрылым», «жер», «тұрғын үй», «экономика және қаржы», «олигополия». Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл шараларының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыс филиалы қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша өкілі Бақытжанқызы Гүлназ аумақтағы суару судың жетіспеушілігі егіннің
сапасына кері әсерін тигізетіндігі туралы айтты.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі стратегиялық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық актінің құқықтық салдары, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, мүдделер қақтығысын анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жолдары түсіндірілді.