2024 жылдың 10 айында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп 30-дан аса іс-шара өткізді. Олар көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, әлеуметтік мәселелер, ауыл шаруашылығы, субсидия беру, қаржылық пирамидалар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, есірткіге қарсы күрес сынды тақырыптарды қозғады. Қазіргі таңда департамент пен палата тығыз қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс істейді.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі