Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда. Бұл үрдіс біздің қасиетті Әулиеата өңірінде де көрініс тауып, әйелдер қоғамның барлық саласында ер азаматтармен қатар қажырлы еңбек етіп жүр. Олардың бұл еңбектері мақтауға тұрарлықтай.
Расында, соңғы кездері қоғамда жыл санап әйелдер белсенділігі артып келеді. Бүгінде облыста көптеген қыз-келіншектер облыстық, қалалық және аудандық мекемелерді басқарып отыр. Ал, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттардың 39-ы қыз-келіншектер болса, басқарма басшыларының 5-еуі әйел азаматтар. Іскер әйелдер тек жергілікті атқарушы органдарында ғана емес, басқа да салаларда жоғары белсенділікпен жұмыс атқарып келеді. Мысалы, сот билігінің басшылығында саны жағынан 49-ы, бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының 16-ы, құқық қорғау органдарының 5,7%-ы әйел азаматтары басқарып отыр.
TURANINFO.KZ