Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары бейнебақылаумен, дабыл түймесі жүйелерімен 100% қамтамасыз етілген. 456 (84,5%) мектеп жедел басқару орталықтарына, 245 (86,8%) мектеп турникеттермен/домофондармен және 240 (85,1%) мектеп мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген.
Құқық бұзушылықты жоюдың бірден-бір жолы оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді ұйымдастыру екені белгілі. Бұл бағыттада балаларды спорт секцияларымен, түрлі бағыттағы үйірмелермен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні қосымша білім берумен 77 мекеме айналысуда.
Өңірлік коммуникациялар қызметі