Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев мәлімдеді.
2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың 9 қаңтарына дейін Жамбыл облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) диагнозымен 115 930 адам медициналық көмекке жүгінген.
Олардың ішінде:
• 63%-ы (73 025 адам) – 14 жасқа дейінгі балалар;
• 1,7%-ы (2 027 адам) – 1 жасқа дейінгі сәбилер;
• 0,6%-ы (670 адам) – жүкті әйелдер.
Зертханалық талдаулар барысында 290 науқастан тұмаусыз вирустар, ал 97 науқастан тұмау вирусы анықталған. Аурулардың 60%-дан астамы қаладағы балалар арасында тіркелді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі