Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, шабуылдың мақсаты Сирияның Әл-Хасака провинциясының батысында орналасқан Касрак аумағындағы америкалық әскери база болған.
22 маусымда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады.
Ведомство АҚШ-тың Иранға жасаған әскери әрекеттері салдарынан «біздің аймақта орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төніп, халықаралық жағдай күрт нашарлап бара жатқанын» мәлімдеді.
Еске салайық, 22 маусымға қараған түні АҚШ Иранға қарсы операция жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әуе күштері Фордо, Натанзе және Исфаханның ядролық қондырғыларына соққы жасағанын хабарлады. Пентагон басшысы Пит Хегсет Иранның ядролық бағдарламасы жойылғанын мәлімдеді.