Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Ішкі істер департаментіне келген соң блокадалау қызметін атқаратын және үш бастырма бекітілген (екеуі қақпа сырғу үшін, біреуі соққы бақылауына арналған бастырма) екі көлемді тіреулерден тұратын таранға қарсы ашылатын қақпа қондырғыларының ерекшеліктерімен танысудан бастады.
Аймақ басшысының келесі назарын аударатын нысан жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын қалыптастыруға арналған ІІД тирі болды. Интерактивті тир осы саладағы ең заманауи әзірлемелерді қамтиды, ол электронды-оптикалық кешенді жүйемен, мультимедиялық проектор және проекциялық — сервистік экранмен жабдықталған. Сонымен қатар қызметкерлерді оқыту үшін бейнефильмдер және ату жаттығуларының жинағы ұсынылды.
Бұдан әрі Асқар Мырзахметов негізгі міндеттері құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды уақтылы қабылдап, әрекет ету, полиция күштерін үздіксіз басқару және кезекші тәулікте қылмысты ашуда шұғыл шаралар қабылдау, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағдайды талдау және бағалау, бақылау, шешім қабылдау болып табылатын ІІД Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Жедел басқару орталығында барлық полиция бөлімдеріне түсетін бағдарларды беру жүйесі жолға қойылған.
«Іздеу WEB «Интерфейс» біріктірілген деректер банкі жұмыс істейді, ол 25 қолда бар есеп базалары бойынша іздестіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұлғаға, автокөлік пен қару-жараққа, темір жол билеттерін сатып алуға дейінгі ақпарат бойынша мәліметтер қалыптастырады. Орталық ашылған кезде 16 бейнебақылау камерасы жұмыс істеді, қазіргі уақытта 206 камера пайдаланылады.
Сондай-ақ, облыс әкімі жаңартылған, экспозициялық және кинозалы бар ІІД музейін тамашалайды, онда Жамбыл облысы полициясының тарихи қалыптасуы және кәсіби қызметінен сыр шертетін 1000-нан астам түрлі экспонаттар қойылған. Олардың арасында мұрағат құжаттары, фото және бейнематериалдар, материалдық және рухани мәдениеттің жәдігерлері – кітаптар, сувенирлер, макеттер, муляждар, өнер туындылары, қару-жарақ, раритеттік автотехника және тағы басқа құнды заттар бар. Музей кинозалында жас буын өкілдері үшін Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы полицейлерінің патриоттық, профилактикалық және кәсіби бағдар бағытындағы жұмысы мен күнделікті өмірінен хабар беретін бейнероликтер, фотослайдтар көрсетілді.
Экспозициялық залда «Керей және Жәнібек хандар — Қазақ хандығының негізін қалаушылар», «Қазақ хандығының батырлары», «Мемлекетттік рәміздер мен ҚР Конституциясы», «Кеңес Одағының Батырлары,ҰОС және кеңес милициясының ардагерлері — Александр Фёдорович Петров пен Бауыржан Момышұлы», «ІІО генералдары- Жамбыл облысының тумалары» және т.б. стенділер мен витраждар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Ал осы залдың орталық постаментінде Жамбыл облысы ІІД Туы орналасқан.
Одан кейін мәжіліс залында Ішкі істер департаментінің жеке құрамымен кеңес өтіп, онда ІІД бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев ағымдағы жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндады, жетістіктер мен проблемалар, сондай-ақ алдағы міндеттер туралы айтты.
Іс-шара «Достық» алаңында аяқталады, облыс әкімі полиция қызметкерлеріне 68 бірлік жаңа патрульдік көліктер табыстады.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі