Шу ауданында ҮИИД бағдарламасының алғашқы бесжылдығы аясында іске қосылған нысандарда 74 жаңа жұмыс орыны ашылған. Бұл туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2010-2014 жылдары ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде жалпы құны 2 млрд. 105 млн. теңгені құрайтын барлығы 3 жоба іске асырылған болатын. («Каz Ir Agro»ЖШС) – сұйық май өңдеу зауыты, «Бірлік энерго»ЖШС -мұнай өнімдерін өңдеу зауыты, «А&Т Энерго»ЖШС -Тасөткел су элктрстансасы.
Осы нысандарда 74 жаңа жұмыс орындары ашылып және 2011-2015 жылдары аралығында бюджетке 39,5 млн. теңге салықтар мен төлемдер түсті. 2016 жылдың бес айында бюджетке 8 007 мың теңге түсті.
Осы нысандарда 74 жаңа жұмыс орындары ашылып және 2011-2015 жылдары аралығында бюджетке 39,5 млн. теңге салықтар мен төлемдер түсті. 2016 жылдың бес айында бюджетке 8 007 мың теңге түсті.